«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын тексерген кезде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін беру кезінде уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын ауданы 0,0150 гектар жер учаскесінің бір бөлігін заңсыз берген.

Мәселен, Петропавл қаласы прокурорының актісі бойынша аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Анықталғандай, бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне әкімдіктің 2021 жылғы маусымдағы қаулысымен көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін конкурстан тыс инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген. Алайда мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережелері тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап (яғни жер учаскесі берілгеннен кейін 6 айдан кейін) қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес сомаларды төлеу бойынша шарттық және салық міндеттемелерін орындамаған петропавлдық 69 жер пайдаланушыдан мемлекет бюджетіне 119 млн. теңге өндірілді.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны “қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту” түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp