«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лицензиясы жоқ дүкен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы ауыл­дар­дың бірінде жаңадан дүкен ашы­лып, онда басқа тауарлармен қоса, алкогольдік өнімдер де сөрелерге қойылған. Мұны көрген учаскелік инспектор дүкен иесінен ішімдік саудасына рұқсат беретін лицензияны көрсетуді сұраған. Алайда дүкен иесінде тиісті рұқсат құжаттары бол­май шықты. Полицейлер дүкен сөресінен 70 литр алкоголь өнімін тәр­кіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберіле­тін болады. Кәсіпкерге 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып­пұл салынады. Бұған дейін лицензиясыз сауда жасаған басқа ауылдық дүкеннен 125 литр ал­коголь өнімі тәркіленген болатын. Жыл басынан бері облыста 3 мың литрге жуық алкоголь заңсыз айна­лымнан алынды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp