«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мейірім мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Ана үйі” қо­ғамдық қорының құрылғанына биыл 10 жыл толды. Осы уақыт ара­лы­­ғында қоғамдық қор 8 мыңнан ас­там сәбиді жетімдіктен құтқарған. Ай­тулы мерейтойға орай мейірім ме­кенінде мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпкерлер мен еріктілер бас қосты.

Ертеден жетімін жылатпаған қа­зақ халқы қанға сіңген қасиетін еш­қашанда жоғалтқан емес. Қо­ғамдық қорды құрудағы басты мақсат – түрлі жағдайлардың сал­дарынан жетім қалған балаларға қамқор болып, тұрмыстың тауқы­ме­тін тарт­қан отбасыларды қолдау бо­латын. Әсіресе бауыр еті баласы­нан бас тартпақ болған аналарға психо­логиялық көмек көрсетуде орта­лықтың жетістіктері аз емес.

2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Ана үйін” кәсіпкер Ға­зиз Құ­сайынов қаржыланды­рады. Бүгінде еліміз бо­йынша қорда бала асырап алу жөніндегі ұлттық агент­тіктің кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді, онда психологтар мен заң­герлер бала асырап алғысы келген отбасыларға көмек көрсетіп келеді.

– “Ана үйлері” өз­дерінің тиімді­лігін көрсетті. Осы уа­қыт ішінде ел бойынша жаңа туған нәрестелер­ден бас тарту саны 69 пайызға қыс­қарды. Арнайы меке­ме­лерден ба­лаларды отбасыларға орналасты­руға жәрдемдесу жұ­мыс­та­ры да жақсы нәтиже көрсетті. Жетім ба­лаларға арналған мекеме­лердің жа­былуына ықпал еткіміз ке­леді. Ал босап қалған интернаттық мекеме­лерді отбасыларға жәрдемдесу жө­ніндегі әлеу­меттік қызмет нысандарына айнал­ды­ру қажет. Бүгін біз серіктестері­міз­ді “Ана үйінің” жұмыс нәтижеле­рі­мен таныстыруға ша­қыр­дық. Сондай-ақ бізге көмек көр­сетіп жүрген жан­дардың барлығына алғыс білдір­гі­міз келеді. Біздің басты мақсатымыз – баланы туған анасымен бірге қал­дыру”, – деді қордың облыстағы өкі­лі Меруерт Көшембаева.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp