«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сандық технология тиімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамның барлық са­ласы­на жаңа технологиялар ен­гізіліп жатыр. Цифрландыру жал­пы мемлекет бойынша, оның ішінде, құқық қорғау ор­ган­дарында да прогрессивтік да­мудың түйінді факторы саналады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне қарасты облыс­тық басқарма “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық жобаларды жүзеге асыруды басты мақсат еткен. Олардың қата­рын­да “Электрондық қылмыстық іс”, “Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі”, “Тексеру субъек­тілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі” және ЦДИАӨМ бірлескен “Е-Өтініш” платформалары бар. Осы­лай­ша әкімшілік және құқықтық сала­дағы құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қадағалау-ба­қылау органдары мен бизнес субъек­тілеріне қатысты қызметтер барынша қамтылып отыр.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің азаматтар үшін басымды­ғы мынада – процедураның ашық­тығы, бақылаудың мүмкіндігі, айып­пұл­дарды жедел өтеу, шектеулерді автоматты түрде шешу, уақытты үнем­деу. Бұрындары әкімшілік айып­пұлдарды төлеу үшін банк кезегінде тұрып, тиісті уәкілетті органдарға ба­рып, көп уақыт жоғалтатын. Қазір атал­ған үдерістер автоматтанды­рыл­ған, төлем онлайн форматында, үй­ден шықпай-ақ екінші деңгейдегі банк арқылы рәсімделеді. Мемлекет тара­пынан бұрмалау тәуекелі төмен­деті­леді, қателіктерге жол берілмейді, қаржы үнемделеді, сондай-ақ айып­пұл­дар­ды өндіріп алу үдерісі жедел­дейді.

Жобалардың бірі – тексеру субъектілері мен объектілерінің бі­рың­ғай тізілімі. Оны құрудағы мақсат – мемлекеттік органдардың уақытша және еңбек шығындарын қысқарту, тексерулердің және олардың нәтиже­лерінің бірыңғай ақпараттық плат­фор­масын құру, тексерулердің ашық­тығы, бизнеске әкімшілік қысым көр­сетуді азайту, бақылау және қадаға­лау органдарына тексеруді тағайын­дау, тіркеу тәртібін оңтайландыру, тек­серуге бизнесті таңдаған кезде адамдық факторларға жол бермеу үшін тәуекелділікті басқару процесін ав­томаттандыру, сыбайлас жемқор­лық тәуекелдеріне жол бермеу, ал­дын алу, құқықтық статистика жүйесін нығайту, жүйелі ведомстволық ба­қылау және прокурорлық қадаға­лау­ды арттыру. Тексеру кестесін қалып­тастырған кезде объектілердің ар­найы ерекшелігі, тәуекел дәрежесі, тексеру, шағым беру және өтініштер саны, БАҚ мониторингісі, нақты мә­ліметтер есепке алынады. Мұның өзі тексеру барысында тәуекел дәреже­сінің төмен немесе жоғары екенін анықтауға мүмкіндік береді.

“Qamqor – бизнесті қорғау” мо­биль­дік қосымшасын кәсіпкерлер де кеңінен қолданады. Онлайн чатта сұрақ қойып, жауап алуға, өтінішке фо­то, бейнематериалдар қосып бе­руге, тексеру қорытындылары тура­лы мә­ліметтер сұратуға болады. Бұ­дан бө­лек, “Электрондық өтініштер” жобасы да іске қосылған. Бұл жоба­лардың мақсаты – өтініштердің бі­рың­ғай тізі­лімін құру, қарау үдерісін оң­тайлан­дыру үшін деректер қорын біріктіру, қарау сапасының бақы­ла­уын қамта­масыз ету, проблемаларды жедел анықтау және жою. Жергілікті атқару­шы органдар үшін де өте тиім­ді, яғни мониторинг жүргізіп, талдай алады, жүйелі проблемаларды ай­қын­дайды, нәтижелер бойынша әлеу­меттік шие­леністің алдын алу бол­жанады. Ар­тық­шылығы – кері бай­ланыс орна­ты­лады, азаматтардың уақыты үнемде­леді, мемлекеттік ор­гандармен өзара әрекет етеді. Жоба Әкімшілік рә­сімдік-процестік кодекс­тің талапта­рына сәйкес жүргізіледі.

Осылайша заманауи жобаларды жүзеге асырып жатқан мемлекеттік бағдарлама аясында барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар жаппай интеграцияланады.

Махаббат КӘРІБАЙҚЫЗЫ,

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық басқармасы бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp