«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнертапқыш өрендер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда техникалық шығармашылық көрмесі өтті. Дарынды ұл-қыздар өз қолдарымен жасаған зеңбірек, трак­тор, ұшақтар көрмені тамашалаушылардың көңілінен шықты.

Бұл көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жастардың ғылы­ми-техникалық қабілетін дамыту, ын­тасын арттыру. Өңір бойынша 130-дан астам өнертапқыш қа­тысқан көрмеде үздік деген алпыстан астам туынды көрермен назарына ұсыныл­ды. Оқушылардың біреуі қашық­тан басқарылатын көлік құрас­тыр­са, екіншісі мопед жасаған. Гума­нитарлық-техникалық колледж студенті Родион Покатилов бір жыл бұ­рын достарымен бірге “Дружба” мопедін құрастырыпты. Кейбір бөл­шегін велосипедтен, “Дружба” арасынан алған. Көлікте бес аттың күші бар. Өнертапқыштың айтуын­ша, жанармай багының көлемі – 2 литр. Сынақтан өткізген кезде жыл­дамдығы сағатына 50 шақырымды көрсетіпті. Орындығын ағаштан жа­сап, қаптап қойыпты. Керек зат­тарды ұзақ уақыт жинған, әлі де жетілдіретін тұстары бар.

Өнертапқыштар жеті аталым бойынша бақ сынады. Олар – “Ауыл шаруашылығы техникасы”, “Әскери техника”, “Суда жүзетін техника”, “Әуе”, “Жасыл энергетика, энерго­тиімділік және энергоүнемдеу” және қиялына ерік бергендерге арналған “Бізді таңғалдыр” аталымы. Қазылар алқасы ерекше туындылардың арасынан үздігін анықтау үшін сапасына назар аударды. Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы ор­та­лығының әдіскері Александр Над­точийдің айтуынша, жұмыстың күр­делілігіне баса мән берілді. Әр аталым бойынша бірнеше жеңімпаз анықталып, өнертапқыштар түрлі марапаттарға ие болды.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp