«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қойылар талап жоғары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді. Сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық ахуалын қалыптастыруға, аталған салада еңбек етіп жүргендердің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған.

Жалпы Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Оның мақсаты – мемлекеттік қызметшінің бойында сенімділікті арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің жарқын үлгісі болғанына мақтаныш сезімін қалыптастыру. Кодекстің талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтардың азаюына ықпал етеді.

Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.

Осыған сәйкес еліміздің мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейе түсті. Олардың сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық көрсетпей, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүрмеуі керек.

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша оның басшысы немесе бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлға сөйлейді. Сондай-ақ пікірсайысты мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмейтіндей сыпайы тұрғыда жүргізуге тиіс.

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу. Онымен қоса мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен бірлесіп, ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан мемлекеттік қызметте жетістіктерге жетуді көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

Жанар КӘКІМОВА,

облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp