БОЙЖЕТКЕННІҢ КӨЗ ЖАСЫ
Ғалия МАЛДЫБАЕВА, 61 жаста. Аялдама. Кісі қарасы қалың. Ерсілі-қарсылы жүрген автобустарға жолаушылардың бірі отырып, енді бірі межелеген мекенжайларына түсіп жатыр. Мен сарыла күткен көлік әлі жоқ. Сегіз жылдан бері кездеспеген сыныптасымның “жарты сағаттан соң автобуспен жетемін” дегеніне есім шығып, ерте келіп қойдым ба екен? Ұзақ тұрдым. Екі көзім қоғамдық көліктерден асығыс түсіп жатқан жолаушыларда. Кенет …