«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жетісуды” жеңді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 9-шы турында жерлесте­ріміз өз алаңында талдықорғандық “Жетісу” командасын қабылдады. Бұл кездесуде жеңіс “Қызылжар” клубына бұйырды.

Матч басталысымен солтүстік­қазақстандық футболшылар қарсы­лас қақпасын нысанаға алды. Өкі­нішке қарай, бірінші таймда жерлес­теріміз есеп аша алмады. Ойынның екінші бөлімінде талдықорғандықтар қауіпті ша­буылдады. Алайда қонақ­тар да нәтижелі соққы жасай алма­ды. Кездесудегі жалғыз гол 72-ші ми­нутта соғылды. Оң қапталдан әуе­лете берілген допқа Максим Чикан­чи жетіп, баспен қақпаға дәл бағыттады. Осылайша қызылжар­лықтар қажетті үш ұпайды енші­леді.

9-шы турдың нәтижесі бойын­ша турнир кестесінде “Қызылжар” командасы бірінші орнын сақтап қалды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp