«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызметіне адал

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Куминовтар әулетінің полиция органындағы еңбек өтілі жарты ғасырдан асады. Владимир Халин қылмыстық-атқару жүйесінде 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Оның салып кеткен соқпағын ұлы Владимир мен келіні Наталья жалғастырып, Горное елді мекеніндегі 164/4 ЕС мекемесінде абыроймен еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты.

Немересі Денис Куминов Ақтау қаласында Отан алдындағы аза­мат­тық борышын өтеп келгеннен кейін өз болашағын әскери саламен байланыстыруды мақсат етті. Көп ой­ланбастан ата мен әке жолын қуып, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне қыз­метке орналасты. Көк­шетау қала­сындағы жоғары оқу ор­нын тамам­дап алды. Офицерлік жо­лын қоғам­дық қауіпсіздік бөлімшесінің инс­пекторы ретінде бастап, оған сол бөлімшенің бастығы, полиция ма­йоры Владимир Борисов тәлімгер болып бекітілді. Тәжірибелі маман жас қызметкерді қиындықтан қорық­пауға, адал қызмет етуге үйретті. Міне, содан бері арада 10 жыл өтті. Денистің тәжірибесі әбден толысып, бүгінде қоғамдық қауіп­сіз­дікті кө­зінің қарашығындай қорғап, адам­дардың тыныштығын қамта­ма­сыз етіп келеді. Бос уақытында спорт­пен шұғылданғанды жақсы көреді. Қолмен күрестен штаттан тыс нұсқаушы, жас қызметкерлерді осы спорт түрінің қыр-сырына баулиды. Мемлекеттік тілді меңгеріп, құжат­тарды қазақша толтыруға төселіп алды. Көліктегі полиция департа­ментінде өткен “Парасатты поли­цей” байқауына қатысып, 3-ші орын­ды жеңіп алды.

Денис биыл жедел кримина­листика тобының криминалисі бо­лып ауысты. “Образ++”, “Папи­лон” базалары бойынша тексеру жұ­мыстарымен айналысады. Қыл­мыс­ты ашуда кримина­лис­терге жүк­телетін жауапкершілік жү­гінің ауыр екенін полиция капита­ны жақсы түсінеді. Саламатты өмір салтын ұстанған ол зайыбы Рави­лия­мен екі бала тәрбиелеп отыр.

Теңдік МАЛДЫНОВА,

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі ішкі және сыртқы коммуникация

тобының жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp