«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қабырғасында ұйымдастырылған кезекті кездесудің қонағы “Astana IT University”-дің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Серік Өмірбаев болды. 2016-2019 жылдары Петропавлдағы оқу орнын басқарған Серік Мәуленұлын университет ұжымы мен студенттер ерекше ықыласпен қарсы алды.

Кездесуде ғалымның әріптестері мен дос-жарандары жиылып жылы лебіздерімен, естеліктерімен бөлісті. Қарашаңырақты Серік Өмірбаев басқарған 4 жылдағы жұмыстар сөз болып, жетістіктер айтылды. Оның басшылығымен мұнда халықаралық жобалар жүзеге асып, түрлі клубтар, ұйымдар, инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Жаңа мамандықтарда білім алу үшін шетелдерден студенттер келе бастаған. Бұдан бөлек, Серік Өмірбаевтың шығармашылықпен айналысуға әуес жастарға арнайы гранттар тағайындап, қолдау білдіргені де елдің есінде.

– Мұнда өткізген жылдарымды сағынышпен еске аламын. Өздеріңізбен қоян-қолтық жұмыс істедім. Бүгін университеттің кеңейіп, жаңарғанын көріп қуанып отырмын. Мен басшы ретінде, ең адымен, университет қызметкерлеріне дұрыс бағыт беріп, жұмыс барысын тиімді ұйымдастыруға тырыстым. Осылайша 4 жылда көп тәжірибе жинадым, – деді Серік Мәуленұлы.

Университет ғалымдары өткен күнге көз жүгіртіп, сол кездегі бастамаларының табысты болғанын айтты. Қадірлі қонаққа құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Кездесуден кейін Серік Өмірбаев оқу орнында үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Көшбасшылық дағдыларды дамыту және педагогтарды көшбасшылыққа оқыту” халықаралық жобасына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция отырысына қатысты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp