ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ КӨБЕЙЕДІ
Облыс орталығында “Amanat” партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған “Miras” қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Күн тәртібіне сай алғашқы отырыста алдымен кеңестің жаңа мүшелері мен төрағасы таныстырылды. Партияның орталық бюросының мақұлдауымен кеңес төрағасы болып “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы Ербақыт Амантай, орынбасары болып халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов тағайындалды. …