“ҒАБЕҢНІҢ АҚ БАТАСЫ ЖОЛЫМДЫ АШТЫ”
Халқымыздың осы уақытқа дейін сайын дала төсінде салтанат құрып, ұлттық бірегейлігін жоғалтпауына себеп болған бір құдірет болса, ол – біздің бай мәдениетіміз. Өнері өрістемей, мәдениеті мандымаған елдің өзгелердің аранына жұтылып кетуі әп-сәтте. Сан ұрпақтың санасына сәуле құйып, көкірек көзін оятқан бағзы бабаларымыздан жеткен мұраны санап тауысу мүмкін емес. Сол іргелі мәдениетіміздің ішінде ән өнерінің алар …