«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.05.2023

Отбасылық кәсіптің нәсібі мол

Шағын және орта бизнес өкілдерінің басты мақсаты – отандық тауар түрлерін көбейте отырып, халыққа сапалы қызмет көрсету. Оның жақсы үлгілері Жамбыл ауданында да аз емес. Отбасылық кәсіп – Жанғалиевтердің басты табыс көзі. Преснов ауылының тұрғыны Муза Жанғалиева “Бизнес Бастау” бағдарламасы аясында кәсіпкерлік әліппесімен танысып, білімін жетілдіргеннен кейін осы салаға біржола ден қойған. – Жеке кәсіп …

Отбасылық кәсіптің нәсібі мол Read More »

Құқықтық көмек

26 мамыр күні еліміздің барлық ірі қалаларында “Халық заңгері” жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары бар. Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл …

Құқықтық көмек Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды. Баспа материалдары үшін орын белгілеу тәртібі Газетте баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Баспа материалдары үшін орын белгілеу Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына …

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Read More »

ТҮНГІ ТАНЫМ

Халықаралық музей күніне орай өңірдегі бірқатар мәдени нысандар­да танымдық шаралар өтіп, қала тұрғындары көптеп жиналды. Об­лыстық тарихи-өлкетану музейінде “Ғасырдан ғасырға” атты кеш ұйымдастырылды. Акция аясында музей ғи­маратында көне тас дәуірінен бастап, қола, ерте темір дәуіріне дейінгі уақытты қамтитын бірнеше та­қырыптағы экскурсиялар өтті. Өңірдің өткен ғасырдағы, Тәуелсіздік жыл­дарын­дағы тарихын қамтитын көрмелер де ұйымдастырылды. Осы күні “Өткеннің …

ТҮНГІ ТАНЫМ Read More »

САХНА ТӨРІНДЕ – “ТУҒАН ЖЕР”

Өңірде өтетін шараларды бимен әрлеп, мың бұралған қимыл­дарымен көрерменді тәнті етіп жүрген өнер ұжымдарының бірі – “Туған жер” ансамблі. “Туған жердің” сахна сәніне айналып жүргеніне биыл 13 жыл толып отыр. Осы уақытта ансамбльдің шық­қан биіктері аз емес. Жақында ғана олар Шара Жиенқұлова атындағы республикалық байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді. Ұжымның Ақан сері атындағы облыстық филармония …

САХНА ТӨРІНДЕ – “ТУҒАН ЖЕР” Read More »

Жолақы қымбаттайды

Петропавлдың ішінде және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде жолақы өсуі мүмкін. Автобустардың билет құнын қымбаттатуды көздейтін құжат “Ашық нормативті-құқықтық актілер” порталында көптің талқылауына ұсынылды. Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, облыс орталы­ғында автобустардағы билет құны картамен төлем жасаған жағдайда 100 теңге, қолма-қол ақшамен тө­ленсе 170 теңге болып бекітілмек. Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерге қаты­найтын …

Жолақы қымбаттайды Read More »

Әшкере болған мал ұрлығы

15-18 мамыр аралығында облыс полицейлері “Мал ұрлаушы” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Мо­бильдік топтардың құрамына крими­налдық және әкімшілік полиция, ветеринария басқарма­сының қызметкерлері кірді. Төрт күн ішінде олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Ветеринария саласында 28 құқық бұзушылық анықтал­ды. Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықта­ры, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын …

Әшкере болған мал ұрлығы Read More »

Өрт кезінде кедергі

Кейбір көпқабатты үйлердің тұрғындары аула­ларына көлік кірмеуі үшін көлденең бөгеттер қояды. Бұл бе­тон бөгеттер өрт сөндірушілердің жұ­мысына кедергі келтіруде. Ал­да-жалда өрт шықса, құтқарушылар осы бөгеттердің кесірінен діттеген жерге тез жете алмай, уақыт жоғалтады. Зілдей бетон бөгеттерді алып тас­тау үшін әжептәуір күш керек. Тіпті техниканың көмегімен алған күннің өзінде, өрт сөндірушілер біраз уа­қытын жоғалтады. – Әріптестерімнен …

Өрт кезінде кедергі Read More »

Патрон салынған пакет

Петропавл қаласының 35 жаста­ғы тұрғыны Ғабит Мүсірепов пен Жам­был көшелерінің қиылысында оқдәріге ұқсас зат салынған пакет тауып алды. Ер адам дереу поли­цияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел-тер­геу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіле­ді. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі, атуға жарамды патрондар болып шық­ты. …

Патрон салынған пакет Read More »

Сайыс түріндегі саяхат

Айыртау ауданы Лобаново ауылындағы көпсалалы “Зейнеп” колледжі базасында жас туристердің “Солтүстіктің інжуі” слеті өтті. Сайыс түрінде өткізілген шараның мақсаты – жастар арасында бұқаралық туризмді дамыту мен насихаттау. Екі күндік сайысқа облыс аумағындағы кәсіптік білім беретін колледждердің студенттерінен құралған жеті команда қатысты. – Ішкі туризмді дамыту үшін жастар арасында тиісті жұмыстар жүргізу маңызды. Салалық туризм кеңесі …

Сайыс түріндегі саяхат Read More »

БАЛА САНЫНЫҢ АЗДЫҒЫ — БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Ауыл – халқымыздың ұлттық құндылықтарының мәйегі, тіліміз бен салт-дәстүрлеріміздің қайнар көзі десек, мектеп – білім мен тәрбиенің, мәдениеттің алтын діңгегі. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын елді мекен тұрғындарының саны азайып барады. Оның басты себептерінің ішінде демографиялық ахуал қатты алаңдатса, шешімін таппаған басқа түйінді мәселелер де аз емес. Әсіресе оқушылар санының күрт кемуі ойландырмай қоймайды. Мәселен, …

БАЛА САНЫНЫҢ АЗДЫҒЫ — БАСТЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болып, “Андреевка – Новомихайловка” жолын жөндеу және көктемгі егіс барысымен танысты. Өңір басшысы, ең алдымен, алқап басында жүрген диқандармен кездесті. Аудандағы “Родина” шаруа қожалығы осы күнге дейін егістіктің 25 пайызына тұқым сіңіріпті. Мамлют ауданындағы Бостандық пен Андреевка елді мекендерін жалғайтын 11 километр жол жөнделуде. Жалпы сомасы 1,2 …

ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ Read More »