«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Ербақыт Амантайұлы

 erbahit@soltustikkaz.kz

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды.

Баспа материалдары үшін орын белгілеу тәртібі

Газетте баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Баспа материалдары үшін орын белгілеу Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы редакциямен жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Шарттың және оған тиесілі құжаттардың үлгісі редакцияға жазбаша өтініш беру кезінде көрсетіледі. Баспа материалдарына орын белгілеу туралы редакциямен шартқа кандидаттың (сенім білдірген адамның) қол қоюы кандидаттың (сенім білдірген адамның) сайлау алдындағы үгіт жүргізуге қатысты редакцияның қызметін пайдалануға келісім беруі болып табылады. Шарт жасасу үшін кандидат мынадай ақпарат көрсетілген жазбаша өтініш береді:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні мен уақыты;

– кандидаттың аты-жөні, жазбаша өтініш берген, сенім білдірген адамның аты-жөні;

– жазбаша өтініш берген адамның өкілеттілігін растайтын құжат: кандидаттың (сенім білдірген адамның) жеке куәлігі, кандидаттың (сенім білдірген адамның) уәкілетті мемлекеттік орган берген куәлігі немесе заңнамаға сәйкес өзге құжаты;

– баспа материалдары орнының көлемі және оны беру мезгілі, үгіттік баспа материалдарының түрі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;

– кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қолы.

Баспа материалдарын орналастырудың кезегі жазбаша өтініштердің түсу тәртібі бойынша белгіленеді. Бірнеше кандидаттан (сенім білдірген адамдардан) өтініш бір мезгілде түскен жағдайда редакция жеребе тартады. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін оған қатысушылар және БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребенің қорытындысы (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына беріледі.

Үгіттік баспа материалдарын беру тәртібі

Үгіттік баспа материалдарын редакцияға дайын күйінде, “Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес баспа материалдарына орын беру туралы редакциямен шартқа қол қоюға уәкілеттілігі бар адамдар қол қойған көлемде береді.

Үгіттік баспа материалдары редакцияға жариялау үшін кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда беріледі. Үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты өршіту, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көрсетілмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеяларын ұстанған жағдайда редакцияның оларды жариялаудан бас тартуға құқығы бар.

Баспа материалдарының мөлшері және ақы төлеу тәртібі

Баспа материалдарына ақы төлеу мөлшері мынадай:

– “Soltústik Qazaqstan” газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметрге – 180 теңге;

– “Qyzyljar nury” газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметрге – 150 теңге.

Баспа материалдарын жариялау үшін алдын ала 100 пайыздық ақысы төленуге тиіс.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-ның бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp