Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны Ғабит Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында оқдәріге ұқсас зат салынған пакет тауып алды. Ер адам дереу полицияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлаған.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі, атуға жарамды патрондар болып шықты. Мұндай оқ-дәрі “Сайга”, “Вепрь” және басқа да аңшы карабиндеріне жарамды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір полицейлер патрондардың иесін анықтап жатыр.
Айшагүл ӘШІМОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.