«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқықтық көмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

26 мамыр күні еліміздің барлық ірі қалаларында “Халық заңгері” жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары бар.

Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, “zakon.kz” парталы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып жатыр.

“Халық заңгері” акциясы 2016 жылы басталған. Бастапқыда акцияға заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Уақыт өте келе оларға әкімдіктердің, прокуратуралардың, әділет департаменттерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, жеке сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар және басқа да мамандар қосылды. Содан бері халыққа пайдасы зор шараны өткізу дәстүрге айналды. Осы уақыт ішінде білікті мамандардан жан-жақты заңгерлік кеңес алған тұрғындар алғыстарын білдіріп жатыр. Өткен алты жылдың ішінде акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Олар құқықтық көмекке жүгінген 150000-нан астам азаматқа кеңес беріп, бағыт-бағдар сілтеді.

Біздің өңірде білікті заңгерлер тұрғындарды С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қабылдайды. Неғұрлым толық жауап алу үшін құжаттарыңызды ала келу керек.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp