«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әшкере болған мал ұрлығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

15-18 мамыр аралығында облыс полицейлері “Мал ұрлаушы” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Мо­бильдік топтардың құрамына крими­налдық және әкімшілік полиция, ветеринария басқарма­сының қызметкерлері кірді. Төрт күн ішінде олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Ветеринария саласында 28 құқық бұзушылық анықтал­ды. Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықта­ры, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын орындар мен фермалар тексерілді.

Бұдан бөлек іс-шара аясында бұрын жасалған бес мал ұрлығы әшкере болды. Іс-шара шеңберінде Ақ­қайың ауданында 46 жастағы ауыл тұрғынының үйіне жапсарлас салын­ған қора-қопсыдан полицейлер 16 ка­либрлі “ИЖ-58” маркалы тіркелмеген мылтықты тәркіледі.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp