«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жолақы қымбаттайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың ішінде және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде жолақы өсуі мүмкін. Автобустардың билет құнын қымбаттатуды көздейтін құжат “Ашық нормативті-құқықтық актілер” порталында көптің талқылауына ұсынылды.

Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, облыс орталы­ғында автобустардағы билет құны картамен төлем жасаған жағдайда 100 теңге, қолма-қол ақшамен тө­ленсе 170 теңге болып бекітілмек. Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерге қаты­найтын қоғамдық көліктерде де жо­лақы қыбаттамақ. Мәселен №101-ші “Петропавл қаласы – Бес­көл ауылы” бағыты бір километрге 10 теңге; №102-ші “Петропавл қа­ласы – Подгорное ауылы” бағыты 1 километрге 13,5 теңге; №103-ші “Петропавл – Архангелька ауылы” ба­ғыты 1 километрге 14,2 теңге; № 201-ші “Петропавл – Пеньково ауы­лы” бағыты 1 километрге 13,1 теңге; №301-ші “Беловка ауылы – Петро­павл” бағыты 1 километрге 10,8 теңге; №302-ші “Петерфельд ауылы – Петропавл” бағыты 1 километрге 10,6 теңге болады деп күтілуде.

Қаулының жобасы 1 маусымға дейін талқыланады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp