«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Патрон салынған пакет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының 35 жаста­ғы тұрғыны Ғабит Мүсірепов пен Жам­был көшелерінің қиылысында оқдәріге ұқсас зат салынған пакет тауып алды. Ер адам дереу поли­цияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген жедел-тер­геу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіле­ді. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі, атуға жарамды патрондар болып шық­ты. Мұндай оқ-дәрі “Сайга”, “Вепрь” және басқа да аңшы ка­рабинде­ріне жарамды. Аталған фак­ті Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тек­серулердің бірыңғай тізі­лімінде тіркелді. Қазір полицейлер патрондардың иесін анықтап жатыр.

Айшагүл ӘШІМОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp