«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

САУДАДА САҚТЫҚ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінден өткен баспасөз мәслихатын­да сауда қызметін реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Тақырыпты облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас­шысы Қымбат Бейсенов тарқатты.

Мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға­сы­на тұрақты түрде мониторинг жүр­гі­зіп тұрады. Үстіміздегі жылдың төрт айында департаментке 190 өті­ніш келіп түскен. Талдау кезінде тұ­тынушылардың құқықтары бөлшек саудада (43,1%) және электрондық саудада (43,7%) көп бұзылатыны анықталған. Сондай-ақ сөредегі тауарлардың бағасын көрсетпей сату, сапасыз тауарларды қайта алу­дан бас тарту, наразылыққа жауап бермеу және тағы да басқа заң бұзушы­лықтар көп кездеседі. Қазіргі уақыт­та онлайн сауданың өсуіне байла­нысты тұтынушылардың құқықта­рын бұзу фактілері көбейген. Мыса­лы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл электрондық саудада тұтынушылардың құқықта­рын бұзу туралы өтініштер саны 2,1 есеге өскен.

Тұтынушылар шағымдарының көп­шілігі тауар сатушының немесе интернет-дүкеннің веб-сайтында бе­рілген үлгіге немесе сипаттамаға сәй­кес келмеуі, сондай-ақ мұндай тауарларды қайтарудан бас тарту мә­селелеріне қатысты. Сонымен қа­тар біздің азаматтарымыз интернет арқылы тауарларды таңдау және тапсырысты ресімдеу кезінде аңғал­дық танытады.

Сатып алушылардың көпшілігі әлеуметтік желілердің беттерінде жарнамасы “көрініп-жоғалатын” интернет-сайттар немесе әртүрлі Instagram-парақшалар арқылы тауарларға тапсырыс береді. Тұты­нушы тауардың құнын төлеп, оны пошта арқылы алғаннан кейін жарнамадағыға мүлдем сәйкес кел­мейтінін анықтайды. Мысалы, жарнамаланған Iphone 14 смартфонының орнына тұтынушыға сапасыз, арзан телефон жіберілген. Сондай-ақ Instagram-парақшасындағы сату­шының деректері жалған, яғни көрсетілген мекенжайда мұндай интернет-дүкен жоқтығы анықталды.

Департамент басшысы тұтынушыларға бірқатар қағидаларды сақтауға кеңес береді. Оның ішінде тауар туралы ақпаратты, тауардың кепілдік және жарамдылық мерзімі ту­ралы ақпаратты мұқият зерделеу қа­жет. Сатушыдан сәйкестік сертификаттарын немесе сәйкестік туралы декларацияны талап ету. Тұтынушы сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге құқылы. Тауарды сатып алу алдында сатушының беделі туралы, сондай-ақ ол сататын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы тұтынушылардың пікірлерімен танысқан жөн.

Сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау, қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыс бермеу ке­рек. Тұтынушылардың құқығын бұ­зылу фактісін дәлелдеу үшін фото және бейне тіркеу жүргізіп, бейтаныс адамдарға ақшаны аудармау және өзінің құпия деректерін жібермеу қажет, тұтынушылардың құқық­тары бұзылған жағдайда сатушыға наразылықты жазбаша білдіріп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінген абзал.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp