«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дала жұмыстары қарқын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметін­де өткен кезекті брифингте көктемгі дала жұмыстарының ба­рысы сөз болды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, үстіміздегі жылы 4,5 млн. гектар алқапқа ауыл шаруашылығы да­қылдары егіледі. 3,2 млн. гектары дәнді дақылдарға, 960 мың гектары майлы дақылдарға бөлін­ген. Сондай-ақ жемшөп – 353 мың, картоп – 34,1 мың, көкөністер 6,2 мың гектарға егі­леді. Ішкі нарықты әлеуметтік ма­ңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмық алқабы үш есеге, көкөністер екі есеге ұлғайтылды.

– Көктемгі егіс жұмыстары қар­қын алды. Өңірдің ауыл шаруашы­лығы құрылымдары толықтай тұқыммен қамтамасыз етілген. Барлығы 438,3 мың тонна тұқым жерге сіңіріледі. Тұқым сұрыбын жаңарту да жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Үс­тіміздегі жылы 3 млн. гектар алқапқа 180 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңіру жоспарланған, – деді Мейрам Меңдібаев.

Көктемгі егіс жұмыстары үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 73,6 мың тонна дизель отыны, 10,8 мың тонна бензин және 3,2 мың тонна жағар­май қажет. Мемлекет арзандатыл­ған дизель отынымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіп жатыр

Ауыл шаруашылығына субсидия түрінде 63,1 млрд. теңгенің мем­лекеттік қолдауы көрсетілсе, оның 19,6 млрд. теңгесі өсімдік шаруа­шылығына, 9,6 млрд. теңгесі мал шаруашылығына бағытталған. Бас­қа бағыттарды дамытуға 33,9 млрд. теңге қаржылай көмек көрсетіледі.

Жыл басынан бері ауыл шаруа­шылығын қолдау институттары ар­қы­лы көктемгі егіске және күзгі жиын-терімге 37,8 млрд. теңгенің 623 өтінімі мақұлданып, қолдау көр­сетілген. “ҚазАгроҚаржы” АҚ фи­лиа­лы арқылы бүгінде 7 млрд. тең­генің 153 өтінімі қаржыландырылды. “Азық-түлік келісімшарт корпо­рациясы” АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушілердің 44 өтініміне 8 млрд. теңге сома­сында қаржылай қолдау көрсетті. Былтыр жыл бойы мұндай қаржы­ландыру 33,1 млрд. теңгені құраған болатын.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp