ӨТКЕНІ — КҮҢГІРТ, БОЛАШАҒЫ — БҰЛЫҢҒЫР
Көп қабатты үйлердің арасымен тартылған жылу құбырларының үстінде отырған екі адамның жүзі таныс. Жұмысқа барар жолда үнемі кезіктіремін. Күздің қара суығында да, қыстың сақылдаған сары аязында да сол құбырдың үстінде отырады. Үсік шалған беттері домбығып, ісіп кеткен. Бір киімнің үстінен екіншісін қабаттап, киіп алғандары да сырт көзге оғаштау көрінеді. Ажары кеткен бет-әлпеттерінен ішімдікке әуес екендері …