«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы жеңіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық теннисші Тимофей Скатов Франция­дағы “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті.

Жерлесіміз бірінші ойынды кана­далық теннисші Габриэль Диаллоға қарсы өткізді. Ол екі сетте 6:4 және 7:6 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Кездесу барысын­да Тимофей Скатов бірде-бір эйс жа­саған жоқ. Жерлесіміз осымен мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

22 жастағы спортшы әлемдік рей­тингте Александр Бубликтен кейінгі Қа­зақ­станның екінші ракеткасы саналады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp