«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл жолы жөнделуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылының жолдары жөнделуде. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 390 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Уәлиханов аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаевтың айтуынша, биыл ауданның 100 шақырым жолы ретке келтіріледі деп жоспарлануда.

– Өндіріс, Жұмысшы, Мырзағұл ауылдарына апарар 35 километр жолға 500 млн. теңгеге қиыршықтас төселмек. Бұдан бөлек, Көктерек, Қайрат, Жас Қайрат елді мекендерінің 30 шақырым жолы қалыпқа келтіріледі. Телжандағы 6,2 шақырымды құрайтын ауылішілік жол да жөнделеді. Дәл осындай жұмыс Қулыкөлде де іске асырылмақ. Онда 6 шақырым жолға жаңа асфальт төселеді, – дейді ол.

Майгүл СЕЙІЛБЕК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp