«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАШЫЛ ӘКІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жылдың үздік әкімі” атты рес­публикалық энциклопедиялық бай­қауына қатысқан Новоишим ауыл­дық округінің әкімі Әділжан Букпин жеңімпаз атанып, “Білім өркениеті” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Әділжан Мұратұлы айтулы до­да­да бағын сынап, өзі жетекшілік ететін округтің тыныс-тіршілігі ту­ралы эссе жазды. Энциклопедияны жинақтау жөніндегі ұйымдастыру алқасы оның жұмысын респуб­ли­калық энциклопедияға әбден лайық, елді мекендерде қолға алынып жатқан игі шаралар жан-жақты тал­данып, сараланған деген жоғары ба­ға берген. “Жеткен жетістігіміз, тор­қалы табысымыз туған жеріне жа­нашыр әрбір азаматтың еселі ең­бегінің жемісі деп білемін. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, Новоишим үшін де берекелі, ырысты оқиғалар­ды арқау ете отырып, нар тұлғалы еңбеккерлердің ішкі жан дүниесін ашып көрсетуге тырыстым”, – деген Әділжан Букпиннің сөз саптауынан мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін, ұшқыр ойын, ұтқыр шешімін та­нығандай болдық. Ол күнделікті қызметінде өңір дамуының тиімді тұстары мен нақты қадамдарын әр­кез қадағалап, тиімдісін керегіне жаратып отырады.

Әділжан Букпин – мамандығы бойынша қаржыгер. Алғашқы еңбек жолын “Элеватор Целинный-2006” ЖШС-дан бастады. Әр жылдары түрлі қызметтің басын қайырған ол үлгілі тәртібі, қоғамдық белсенділігі, сеніп тапсырылған міндетіне адал­дығы үшін аудан әкімінің құрылыс және пайдалану мәселелері жөнін­дегі көмекшісі қызметіне шақырыл­ды. Осы салада тәжірибесін шың­дап, мемлекеттік қызметке кәсіби түрде төселген соң аудан әкімінің төтенше жағдайлар, азаматтық қор­ғау және жұмылдыру дайын­дығы жөніндегі көмекшісі қызметіне та­ғайындалды. Көктемгі су тасқыны кездерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысты.

Ұйымдастырушылық қабілеті, іс­керлік қасиеттері ескеріліп, Но­воишим ауылдық округі әкімінің орынбасары, сосын әкімі қызметіне лайық деп танылды.

“Жас келсе – іске” демей ме бабаларымыз. Орда бұзар жасында “Жылдың үздік әкімі” атанып, ау­данымыздың абыройын арттырған Әділжан Мұратұлының қадамы нық боларына сенімдіміз.

Шолпан САЛЫҚОВА.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp