«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСАЛҚЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Банк­тен несие алу қажеттігі туындап, алайда қарыз алушының бұл мақ­саттарға табысы жеткіліксіз бо­латын жағдайлар кездеседі. Мұн­дай жағдайларда банк алдында өзінің төлем қабілеттілігіне кепілдік беру үшін қосалқы қарыз алушы тартылады. Несиені ресімдеу ке­зінде банктің қосалқы қарыз алу­шыға қоятын талаптары қарыз алу­шыға артылатын міндеттерге ұқсас болады.

Қосалқы қарыз алушы – қарыз алушымен бірге несие шартын жа­сасқан және қарыз шарты бойынша алынған ақша қаражатын (кредитті) қайтаруға ортақ жауап­тылықта бо­латын адам. Қарыз алу­шының кірісі қажетті мөлшерде несие ресім­деуге жеткіліксіз болса, қоса қарыз алушы тартылады.

Қосалқы қарыз алушы банктік қарыз шартының толыққанды қаты­сушысы болып табылады. Ол қарыз толық өтелгенге дейін несиені қайтару бойынша міндеттемелерді өз мойнына алуға келіседі. Осы­лайша, қарыз бойынша борыштық жүктеме қарыз алушыға да, қо­салқы қарыз алушыға да тең дәре­жеде жүктеледі.

Әдетте, қосалқы қарыз алушы қарыз алушының болашақта ипо­тека сияқты ірі несиені төлеуі үшін кірісі жеткіліксіз болған жағдайда тартылады. Несиені ресімдеу кезінде қарыз алушының және қоса қарыз алушының кірістері қосы­лады, бұл қажетті қарыз сомасын алу мүмкіндігін бір табан болса да жақындатады.

Заңнамада қосалқы қарыз алушы ретінде тартылатын тұлға­лардың саны бойынша шектеулер жоқ. Алайда үш қосалқы қарыз алушыға дейін тартуға рұқсат еті­летін “үштік қағидасы” бар. Бұл рет­те банктің талаптарын ескерген жөн: несие беруші өз қалауы бо­йынша қоса қарыз алушы бола ала­тын адамдар санына шектеулер қоя алады. Олар жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, балалары, ата-аналары және т.б.) немесе сіз жақсы білетін адамдар болуы мүмкін.

Егер несие алу үшін қосалқы қарыз алушының бірі міндет­теме­лерін толық орындамаған жағдай­да, банк қалғандарынан талап ете алады. Ал төлемдер қарыз бо­йын­ша міндеттеме толық орындалғанға дейін жүзеге асырылуы қажет. Бұл норма Азаматтық кодекстің 287-бабында жазылған.

Құқықтарға келетін болсақ, қосалқы қарыз алушы сатып алы­натын мүліктің тең иесі болуға құ­қылы. Алайда тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы үшін қарыз алушымен өзара міндеттемелер туралы арнайы шарт жасасу қажет. Несиелік шартқа қол қоймас бұрын, шарт талаптарының әрбір тарма­ғын мұқият оқып шыққан абзал.

Кепілдік берушіге (кепілгерге) қатысты айтатын болсақ, ол басқа адамның кредиторының алдында борышкермен бірге осы адамның міндеттемелерінің толығымен не­месе ішінара орындалуы үшін жа­уап беруге міндетті болады. Яғни кепілдік беруші кірісінің мөлшері қарыз алушы кредитінің ең жоғары сомасын есептеу кезінде есепке алынбайды.

Айырмашылықтар төлем қабі­леттілігіне қойылатын талаптар бө­лігіне қатысты. Егер қоса қарыз алушының төлем қабілет­тілігі мен қарыз алушының төлем қабілеттілігін бірге алатын болсақ, онда кепілдік берушінің төлем қа­білеттілігі пайыздармен бірге несие бойынша төлемдерді дербес түрде өтеу үшін жеткілікті болуға тиіс.

Қосалқы қарыз алушыны несие рәсімдеу үшін қарыз алушының өзі тартады, ал кепілдік беруші банкке борышты қайтару кезінде тәуекел­дерді барынша азайту үшін керек. Қарыз алушы бір уақытта қоса қа­рыз алушыны, сондай-ақ кепілдік берушіні де тарта алады.

Мұндай жауапты қадамға бар­мас бұрын, өзіңізге сұрақ қойып кө­рі­ңіз, өз мойныңызға басқа адам­дар­дың міндеттемелері үшін жауап­кершілік алуға дайынсыз ба? Борышкер сіздің жақын досыңыз не­ме­се танысыңыз болғаны үшін ғана шешім қабылдауға асығудың қажеті жоқ. Егер жауабыңыз оң болса, он­да міндеттемелеріңізді орындауға үл­­кен жауапкершілікпен қарап, бар­лық тәуекелді түсіну қажет. Егер бо­рышкер қарызды қайтармаған жағ­дайда, болашақта сізге кері әсері бол­мас үшін банктік қарыз шар­ты­ның әрбір тармағын зерде­леу керек.

Алма ДӘУРЕНБЕКОВА,

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp