«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл әкімдері сайланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Уәлиханов және Шал ақын аудандарының жеті ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтті. Саяси науқанға 5437 тұрғынның 4321-і қатысып, өз таңдауларын жасады.

Әкім лауазымына 19 адам өз кандидатурасын ұсынды, олардың төртеуі “Amanat” партиясы,үшеуі – өзін-өзі ұсынғандар.

Дауыс беру нәтижесінде Аққайың ауданы, Власов ауылдық округіне – Максим Серіков, Аққайың ауданы, Иванов ауылдық округіне – Лидия Челак, Аққайың ауданы, Черкас ауылдық округіне – Ләззат Макина әкім болып сайланды. Тұрғындар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Дружба ауылдық округінің әкімі қызметіне – Айнагүл Базарбаеваны, Қызылжар ауданы, Архангельск ауылдық округінің әкімі қылып – Лилия Русинаны таңдады. Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл ауылдық округінің әкімі болып Бақытжан Кендірбаев таңдалса, дауыс берушілердің ұйғарымымен Шал ақын ауданы, Городецкий ауылдық округінің тізгінін Ербол Әбжанов ұстайтын болды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp