«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРЖАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ДАЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында жаңа түтін мұржасы салынуда. Бұл мақсатқа шамамен 2 мың текше метр бетон қоспасы пайдаланылады.

Мұржаның іргетасын қалау жұмыстары үстіміздегі жылғы сәуір айының соңында басталған болатын. Құрылысты жүргізу “Строй центр Арсенал” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелді. Мердігер бұл жұмысты бір айға жетер-жетпес уақытта аяқтады. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 бетон араластырғыш қондырғы мен бетон сорғысы қолданылды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында “Қазтеплоспецстрой” компаниясы жұмыс істеуде.

– Мұржаның іргетасын тұрғызуға Петропавл қаласы әкімдігі бекіткен мердігерлік ұйымның 19 маманы атсалысты. Бетон құйылғаннан кейін гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілмек. Мамандар 28 күн бойы іргетастың дұрыс кебуін және беріктігін бақылайтын болады, – дейді “Севказэнерго” акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хатшысы Лилия Шерина.

Кейін өскемендік “Қазтеплоспецстрой” серіктестігі түтін мұржасын сала бастайды. Мамандардың айтуынша, жаңа түтін мұржасының құрылысы келесі жылдың жазында аяқталады. Жөнделген қазандықтар біртіндеп іске қосылып, қаладағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылыту мәселесі толық шешілмек.

Алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалу үшін “Севказэнерго” АҚ Петропавл 2-ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жол картасын іске асырып жатыр. Жол картасының орындалуы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында, апта сайын мониторинг жүргізіледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp