«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.05.2023

АҒА БУЫННЫҢ АҚ БАТАСЫ

Көктем келіп, туған жеріне орал­ған дала құстарының дауысына жер­ге дән себу үшін егістікті даярлап жүрген дала еңбеккерлерінің алып тракторла­ры­ның гүрілі қосылды. Құлаққа жағым­ды шу. Қызылжар­дың құнарлы жері өз төсіне дәнді дақыл­дарды сіңіріп алып, ертең бар ха­лықты сапалы астықпен қуантуға даярланып жатқан жауапты кезең­дегі дала төсіңдегі дүбір бұл. Ұлан-ғайыр еліміздің әр аймағы­ның өзіндік ерекшелігі бар. Қараған­ды …

АҒА БУЫННЫҢ АҚ БАТАСЫ Read More »

Темірден түйін түйген Тимур

Петропавлдағы “Qyzyljar” арт-орталығынан темір қал­дықтарынан жасалған ерекше бұйымдарды тамашалауға болады. Бұл көрменің авторы – облыс орталығының тұр­ғыны Тимур Кенжебаев. Темірден түйін түйген шебер әңгіме барысында бұл кәсіпке қалай келгенін айтты. – Менің жасым қырық төртте. Қы­зылжар ауданындағы Налобино елді мекенінде дүниеге келгенмін. Әкемнің жұмысына бйланысты жиі қоныс ау­дар­дық, мектептке оқып жүргенде 5 рет көшкен екенбіз. …

Темірден түйін түйген Тимур Read More »

ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАРЫ

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада “Sana” әдеби-музыкалық клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Шал ақынның туғанына 275 жыл толуына орай “Сөз шебері” атты поэзия кеші өтті. Заманының заңғары атанған тұлғаның шығармашылық мұрасы мен өмірін наси­хаттап, поэзия арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуді мақсат еткен кешке облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, жергілікті өнерпаздар, мектеп оқушылары шақырылды. Шал ақын Құлекеұлы …

ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАРЫ Read More »

Студенттер спектакль қойды

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­рын­да Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің студенттері дипломдық жұ­мыстарын қорғады. Көрерменнің на­зарына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көр­пеш – Баян Сұлу” трагедиясы мен Н.В.Гогольдің “Үйлену” комедиясын ұсынды. Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” трагедиясы мен Н.В.Го­гольдің “Үйлену” комедиясы көзіқа­рақты көрерменге ертеден таныс. Классикалық туындылар бол­ған соң көпшілік қауым қызыға та­машалайды. Талай …

Студенттер спектакль қойды Read More »

АРА ШАҚҚАН КЕЙУАНА

Шал ақын ауданында 70 жаста­ғы әжейді ара шақты. Ауыл тұрғыны дәрігерлердің уақытылы көрсеткен көмегінің арқасында аман қалған. “Жедел жәрдем” қызметкерлерін зейнеткердің қызы шақыртыпты. Оқиға орнына фельдшер Сәбит Мел­дебеков жеткенде қарт есінен танып жатқан. – Зейнеткер анафилактикалық шок алған. Терісі бозғылттанып, жү­рек қағысы төмендеді. Қан қысымы – 30/20-ны көрсетті. “Aslc” стан­дарты бойынша реанимациялық іс-шараларды дереу қабылдау …

АРА ШАҚҚАН КЕЙУАНА Read More »

БАСТЫ ТАЛАП – ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ

Облыс орталығындағы “Динамо” стадионында полицияның кешенді күштерін жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. Бұл шараға Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев пен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қатысты. Шара барысында Руслан Әкімжанұлы мамандарға жүктелген негізгі міндеттерді атап өтсе, департамент бастығы бірқатар қала тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады. Күн сайын өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бірнеше ауысымда жүздеген тәртіп …

БАСТЫ ТАЛАП – ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ Read More »

Жүк тасымалдаушылардың жанайқайы

Облыстың жүк тасымалдаушылары дабыл қағуда. Олар беларустық компаниялар жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отырғанын айтып шағымданды. Бұл туралы Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының “Өңір” депутаттық тобының “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды. Шара аясында арнайы панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Оған өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері, салалық комитеттердің төрағалары мен бизнес субъектілері бейнебайланыс режімі арқылы қатысты. …

Жүк тасымалдаушылардың жанайқайы Read More »

Әлти қажының самаурыны

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – Әлти қажының самаурыны. Оның бүгінге дейін қалай сақтал­ға­нын білу үшін есімдері өңір жұрт­шы­лығына таныс өлкетану­шылар, марқұм Социал Жұма­баев пен Қай­ролла Мұқановтың 2003 жылы шығарған “Бір әулеттің тари­хы” кітабындағы “Сәдуақас пен Сей­тахмет Көкенов­тер” деректі ма­қаласын оқып шық­қан жөн. Өлкетанушылар Жамбыл ау­данындағы Амангелді ауылының 86 жастағы қариясы Бәри Төлеге­нов (азан …

Әлти қажының самаурыны Read More »

ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК

Елдің еңсесін тіктеп, танымын тереңдетіп, талғамын биіктететін ең үлкен күш – өнер. Өнердің тілі – нәзік, қуатты әрі әсерлі. Ол талантты жанның таза жүрегінен төгіліп, текті тыңдарманның көкірегіне құйылады. Осылайша жұрт сананы билеп алған құлтемірдің заманында пенделік қарбаластан бас көтеріп нағыз өмір сұлулығын таниды, өнердің таза бұлағынан сусындайды. Қиялына ерік беріп, жүрегінің үнін тыңдап, еркіндікке …

ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРЕСІ БИІК Read More »

САПАЛЫ КИІМГЕ СҰРАНЫС БАР

Елімізде кенжелеп қалған кәсіптердің бірі – киім тігу. Облыс аумағында тігіншілікті дамытып отырған өндіріс орындарының саны саусақпен санарлықтай ғана. Солардың қатарынан “SensFashion”, “Прогресс тігін фабрикасы”, “Matex”, “Мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы” сияқты кәсіпорындарды ерекше атауға болады. Солардың ісін жарнамалау, өнімдерінің айналымын арттыру және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында алғаш рет өңірімізде оқушыларға арналған мектеп …

САПАЛЫ КИІМГЕ СҰРАНЫС БАР Read More »