«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ ТАЛАП – ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Динамо” стадионында полицияның кешенді күштерін жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. Бұл шараға Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев пен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қатысты.

Шара барысында Руслан Әкімжанұлы мамандарға жүктелген негізгі міндеттерді атап өтсе, департамент бастығы бірқатар қала тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады.

Күн сайын өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бірнеше ауысымда жүздеген тәртіп сақшысы жұмылдырылады. Олардың қатарында қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлері, учаскелік полиция инспекторлары, полиция департаментінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқаны үшін Петропавлдың үш тұрғынына облыстық полиция департаментінің Алғыс хаты берілді. Мәлік Шигабутдинов, Сергей Сайко мен Евгений Соловьев бірнеше жыл қатарынан полицейлерге көмек көрсетіп, қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айдын Қабдұлдинов олардың әрқайсысының еңбегі құрметке лайық екенін атап өтті.

Руслан Аңбаев департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовпен бірге патрульдік полиция батальоны автотехникасының жай-күйімен танысып, жазғы маусымда ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталды. Қала басшысы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, ұсақ бұзақылықтардың, шыны аялдама павильондары және шағын сәулет нысандарының бұзылуының, сондай-ақ жазғы шомылу маусымында су айдындарында болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алуға назар аударды.

Шара барысында полицейлердің саптық даярлығы тексерілді. Жалпы гарнизондық қызметке тарату ведомствоның мәдени орталығы оркестрінің сүйемелдеуімен өткен салтанатты маршпен аяқталды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp