«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттер спектакль қойды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­рын­да Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің студенттері дипломдық жұ­мыстарын қорғады. Көрерменнің на­зарына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көр­пеш – Баян Сұлу” трагедиясы мен Н.В.Гогольдің “Үйлену” комедиясын ұсынды.

Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” трагедиясы мен Н.В.Го­гольдің “Үйлену” комедиясы көзіқа­рақты көрерменге ертеден таныс. Классикалық туындылар бол­ған соң көпшілік қауым қызыға та­машалайды. Талай мәрте сахна­лан­ған спектакльді әр режиссер өз­геше ұсынуға тырысады. Студент­тер де қос туындының мәнін өздерінше жет­кізді. Жастардың аяқа­лысын көрер­мендер жылы қабыл­дап, қошемет­терін көрсетті. Қазақ­стан Республи­ка­сының еңбек сіңір­ген қайраткері Қымбат Тілеуова шә­кірттерін қанат­тандырған көрермен мен театр бас­шылығына алғысын білдірді.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp