«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒА БУЫННЫҢ АҚ БАТАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктем келіп, туған жеріне орал­ған дала құстарының дауысына жер­ге дән себу үшін егістікті даярлап жүрген дала еңбеккерлерінің алып тракторла­ры­ның гүрілі қосылды. Құлаққа жағым­ды шу. Қызылжар­дың құнарлы жері өз төсіне дәнді дақыл­дарды сіңіріп алып, ертең бар ха­лықты сапалы астықпен қуантуға даярланып жатқан жауапты кезең­дегі дала төсіңдегі дүбір бұл.

Ұлан-ғайыр еліміздің әр аймағы­ның өзіндік ерекшелігі бар. Қараған­ды – “қара алтынымен”, Сыр елі – күріші­мен, Атырау – балығымен мақта­нады. Ал біздің өңіріміз астыққа бай. Еліміз­де өндірілетін бар бидайдың ширек бөлі­гін біздің диқандар баптап өсірсе, көк­тем келе ел азаматтары­ның егістік жақ­қа көз тігіп, елеңдей­тіні заңдылық.

Бұл сезім – қала тұрғындарына да жат емес. Астықты өлкеміздің бүгіні мен ертеңіне облыс орталығында тұ­рып жатқан еңбек ардагерлері де алаң­дайды. “Биылғы жазда қуаншы­лық бо­лады” деген қауесет бізге де маза берер емес.

Халқымыздың ғасырлар бойы ұр­пағына аманаттаған қасиеттерінің бірі – жақсы іс пен игі дәстүрдің басы-қа­сында болу. Аға буын өкілдерінің жас­тарға ақылын айтып, батасын беруі бүгінге дейін үзілмей келеді. “Ба­та­ме­нен ел көгерер” деген тәмсілдің төр­кіні осында жатса керек.

Жуырда қаланың бір топ ар­да­гері көктемгі дала жұмыстары бастал­ған Есіл ауданындағы “Ғасыр-астық” жа­уа­пкершілігі шектеулі серіктестігіне бет алдық. Николаевка ауылдық окру­гінде орналасқан серік­тестікті қарттар­дың таңдауы бекер емес. Бұл еңбек ұжымының соң­ғы жылдары астық шы­ғымдылығы­ның жоғары көрсет­кіш­тері­не қол жеткізуі, басшылары­ның өрім­дей жас болуы бізді де қуантты. Бізге серіктестік жетек­шісі­нің өңіріміз­ге белгілі “Арқалық” шаруашылығы­ның басшы­сы Нағашыбай Барлыбаев­тың ұлы Асхат екендігі белгілі бола­тын.

Бабаларымыз “Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі”, – деген сөзді жай­дан-жай айтпаған ғой. Дала даныш­пан­дарының бұл ойтолғамы – халқы­мыз­дың дүниетанымының, ұрпақтар сабақтастығының басты қағидасы. Әке тәрбиесі мен өне­гесіне ден қойған перзенттің бар бол­мысын айғақтай­тын өлшеуіш қой. Осы ойлар серіктес­тік­ке бет алған әр ардагердің көкейіне қонақтады.

Николаевка ауылының маңында бұрын жүк тасымалдайтын көлік ша­руашылығы болған, ол тарағаннан кейін сол жердің сұрқы қашып, ғи­мараттарының қабырғала­ры қалған аумақ қазір адам танмастай өзгерген. Бұл төңірекке бүгін­де “Ғасыр-астық” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің өндірістік ғимараттары орна­ласыпты. Астық өнімдерін, тыңайт­қыш, химия­лық дәрі қоспаларын сақ­тайтын қой­малар, жаңа маркалы ком­байндар, дәрі себетін тағы да басқа тех­ника­лар тұрған жабық гараж, асфальт төселген үлкен аула, жұмысшылар та­мақтана­тын асхана, қонақүй, элек­трон­ды жүк өлшегіш кешені алыстан менмұнда­лай­ды. Бір көр­геннен-ақ осы жерде жұмыс атқарып жатқан адам­дар­дың көтеріңкі көңіл-күйіне, өз істері­не деген сүйіспен­шілігіне куә болдық.

Көктемнің әр сағатының құны ал­тынға бергісіз болса да, серіктес­тік бас­шысы бізді жылы қабақпен қарсы ал­ды. Келген қонақтардың атағы мен абы­ройы атан түйеге жүк боларлық­тай. Мүкәрам Шәкімұлы – бүгінде об­лыстық ауыл шаруашы­лығы басқар­ма­сында 200 ардагерді біріктіріп отырған бас­тауыш ұйым­ның төраға­сы, Қайрат Фай­зуллин көп жылдар су тарататын кәсіп­орынның тізгінін ұста­ды. Қарақат Шала­баев аға­мыз болса – ұлағатты ұстаз, туған жер, оның әйгілі адамдары туралы тұным­ды мақала­лар жазып, бірнеше кітап шығарған белгілі қаламгер. Жа­пар Тө­легенов те – еңбекте озат болған жан. Қы­зыл­жар­дың гүлденуіне зор үлес қосқан аза­маттарды құшақ жая қар­сы алудың арғы жағында үлкенге деген сыйлас­тық, қонақжайлылық, мейірім жатса ке­рек. Жастардың осындай қа­сиеттерін көріп, қуанып қалдық.

Серіктестіктің бас мамандарына уақытты ұтымды пайдалану үшін шет­ел­дік көліктер сатып алынған екен. Біз өңір бай­лығы болып табылатын астық да­қылдары себіліп жатқан алқапқа бірнеше көлікпен жүріп кеттік.

Далиған дала, ұшы-қиыры жоқ ал­қап. Ақындарымыз толғана жырлап, жазушыларымыз түрлі теңеу­лермен әспеттеген туған жер топы­рағы неткен киелі еді?! Қаланың шуы мен дуынан, асфальттаған көшесі­нен шаршаған біз көктемгі күнге кеу­десін тосып, бусанып жатқан жерге, қайың мен терегі көк­темгі желегін киіп сәнденген орманды өлкемізге сүйсіне қарадық.

Алқаптың сәніне айналған алып техникалар анадайдан көзге түсті. “Анау келе жатқан кешен бұршақ себу жұмыста­рын бүгін аяқтайды. Бір күндік ауы­сымдағы көрсеткіші 850-1000 гек­тарға дейін же­тіп қалады. Осындай бес агрега­тымыз бар, бәрі шетелдік техника. Жалпы егіс­тік көлемі 9 мың гектарға жақын, оның бес мыңына астық өнімдерін, қал­ған жеріне майлы дақылдарды егеміз”, – деп бастады сөзін бас агроном Нұр­тас Буртубаев.

Біз тұқым себу агрегатына таң­да­на да, таңғала қарадық. Құдды ерте­гінің жансыз кейіпкерлері дер­сің. Тағы бір техника қазір зығыр себуге да­йын­далып жатыр. Бір мезгілде бірнеше жұ­мысты қатар атқара алады екен. Со­ның нә­тижесінде ең­бек өнімділігі арт­қан. Біз Нұртас Бур­тубаевпен әңгі­ме­лесіп тұрғанда сөзге серіктестіктің бас инженері Қуаныш Бердағұлов аралас­ты.

“Жанкелді деген маманымыз тех­ни­каның компьютеріне зы­ғыр­дың жер­ге сіңірілетін мөлше­рін ен­гі­зіп жатыр. Кешен қалған жұ­мысты өзі рет­тей­ді, егер қандай да бір ақау шықса техника өзі белгі береді. Бұл жаңа егіс агрегатын басқару үшін арнайы білім мен біліктілік қажет. Біз жігіттерімізді бұрынғыдай механизатор емес, “егіс кешенінің операторы” деп атаймыз, – деді ол.

Нұртас Буртубаев болса біздің на­зарымызды майлы дақылдар егілетін егіс алқабына аударды. “Жыл жағда­йы­на, өткен күзбен, биыл­ғы көктемдегі ауа райына бай­ланысты егіс алқабын­дағы был­тырғы бидайдың орылғаннан кейінгі сабағын сақтап, дәнді дақыл­дарды егеміз. Мұндай әдісті қолдануға біз­дің техниканың қауқары жетеді. Жер­­ді жыртпай-ақ дәнді мөлшерлі те­рең­дік­ке себеміз. Бұл жерді эро­зиядан қорғап, ылғалды топырақта сақтауға мүмкіндік береді, – деді бас агроном.

Әңгіме арасында серіктестік бас­шысы Асхат Нағашыбайұлы жерді тек эрозиядан ғана емес, өзге де зиянкес­терден қорғайтындарын айт­ты. Жерді күтіп-баптау – кәсіпорын­дағы әрбір ма­манның міндеті. Өйт­кені, ата-бабалары­мыз ұлан-бай­тақ қазақ жерінің әр пұш­пағы үшін жан­дарын шүберекке түйе жүріп күрес­кен. Осынау мол бай­лықты бізге ғана емес, келесі ұрпаққа жеткізуді ама­наттап тапсырған. “Сон­дықтан топы­рақ құнарлығын сақтау – біз­дің басты міндетіміз. Нәпақасын жер­ден тап­қан біздер үшін бұл – үлкен жа­уапкершілік. Сонау Еуропа елдері біз­дің дәнді-дақылдарымызды қымбат ба­ғаға сатып алады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін білікті мамандар ауа­дай қа­жет. Нұртас бауырымыз – сон­дай ма­манның бірі. Агрохимия ғы­лымымен айна­лысып, облыстық ауыл шаруа­шы­­лығы басқармасында қызмет ат­қарып жүрген жерінен шақырып алдық”, – деді серіктестік басшысы.

Иә, топырақ құнарлығын сақтау болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борыш. Бұл жәй сөз емес. Ғылыми тіл­мен айтсақ, егістік өнімділігін артты­рудың иновациялық технология­ла­рын меңгеру және өндіріске енгізу ке­рек. Бұл істе серіктестік маман­да­ры­ның негізгі ұстанымы – ауыспалы егіс, ол топырақтың органикалық құрамын өзгертеді. Ауыспа­лы егістікте аралық дақыл­дар­ егіледі. Топырақтың құнар­лы­­лығына монито­ринг жасап, био­логиялық белсенділігін анықтайды. Сонымен қатар мамандар топырақ­тағы дақылдарды қажетті қо­рек­тік зат­тардың қорымен қажетті мөл­шер­де қамтамасыз етуді басты мақсат етіп отыр. Ол үшін топырақтың құра­мына қарай тыңайтқыштардың мөл­ше­рін есептейді. Бұл істе мамандар аг­рохимиялық қызмет көрсететін, зерт­теу­лер жүргізетін ұжымдардың көме­гіне жүгінуде.

Уақыт деген жүйрік қой. Біз ал­қап­ты аралап, мамандардың жұмы­сымен танысқанша бірнеше сағат өте шығып­ты. Серіктестік басшысы сағатына жиі көз сала бастады. Олардың қолайлы ауа райын пай­даланып, жерге мол дән сіңіріп алу үшін әр секундты ұқыпты пайдала­нуға тырысатындарына біз де риза болыстық.

“Азды-көпті жетістіктерге жеткен тәріздіміз. Ауыл шаруашылығы са­ла­сында қандай да бір жақсы көр­сеткіш көптің еңбе­гінің арқасында мүмкін болуда. Мен ма­мандарыммен мақ­та­намын. Жігіттер жұ­дырық болып жұ­мылып, бір отбасы­ның баласын­дай ең­бек етуде. Бізге озық техни­калардың да тигізіп отырған көмегі көп. Ауыз толтырып айтарлық­тай жетістіктерге мемлекет тарапынан берілетін жеңіл­діктер – субсидия­лар, лизингтер, не­сие­лер арқылы қол жет­кізудеміз. Көр­сетіліп отырған қамқор­лық үшін Мем­лекет басшысы­на ерек­ше алғыс айт­қым келеді. Тағы бір ай­тып өтерлігі, кез келген ұжым­ның бас­шы­сы, ең алды­мен, өзінің емес қарама­ғын­дағылар­дың жағда­йын ойлауы ке­рек. Өз ба­сым осы ұстанымдамын. Ұжым­да дос­тық қарым-қатынас берік ор­наса, кө­ңіл-күйіміз де көтеріңкі, жұ­мысымыз да өнік болады. Біз маман­дарды лайық­ты жалақымен, тұрғын үй­мен қамтамасыз етуге тырысамыз”, – деп сөзін түйіндеді серіктестік бас­шысы.

Кәсіпорын басшылығы жұмыс­шы­лар­дың ғана емес ауыл өмірінің көр­кеюуіне де үлес қосуда. Елді мекен кө­шелеріне жарық шамдары орнатыл­ған, балалар алаңы салы­нуда, ауыл­дың жүрегі саналатын мектепке де көмек көрсетіліп отыр.

Асхат Нағашыбайұлы осы және өзге де жұмыстарды жіпке тізгендей ай­тып болғаны сол еді, себілетін дақыл құйылып, компьютер жүйесі реттеліп, ен­ді жұмысқа дайын екендігін білдір­ген алып техника осы сәтті кү­тіп тұр­ған­дай зор дауысымен белгі берді.

Біз сапарымыздың ең басты ша­руа­сына кірістік. Диқан еккен егінінің жайқалып өсуі үшін Ал­ладан жаңбыр тілейді. Есімі өңірімізге белгілі дін өкілі Қабдол­бәри Қаридың ұрпағы – Жапар ақ­сақал Құран аят­тарын оқып, шаруа­лардың еңбегіне мол табыс пен береке тіледі.

Дән себуге дайын тұрған егіс аг­регатының алдына барып: “Жара­ту­шы ие! Өзің қолдаушы бол, ел бай­лығы – ас­тығымызға нұр қылып жаң­бы­рыңды төкші, көктен иіп, жерден бер”, – деп уыстап жерге дән шаш­тық.

Еңбек ардагері Қарақат Ысқақ­ұлы қол жайған жастарға ақ батасын берді. Егістікке дән сіңіруді бастап кеткен олар “Баталарыңыз қабыл бол­сын! – деп қол бұлғап қала берді. Ал біз қа­лаға қарай аттанып кеттік.

Жангелді ТӘЖИН,

Петропал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp