«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.05.2023

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫЗОР ӨҢІР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында көктемгі егіс науқанымен танысу үшін Аққайың ауданы “Дайындық Агро” ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді. Аталған шаруашылық дәнді, майлы дақылдар өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Иелігінде 15,8 мың гектар егістік алқабы, 4,2 мың гектар жайылымдық жері бар. “Дайындық Агро” серіктестігінің директоры Біржан Шәймерденов биыл бидайдың …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫЗОР ӨҢІР Read More »

Жер иесіз болмас

Облыстық прокуратура жер заңнамасының сақталуын қадағалап отыр. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс жайында облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар баяндады. Бүгінгі таңда өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – жайылымдық жерлердің тапшылығы. Әсіресе ауылдық елді мекендердің жерлерін заңсыз беру жиі кездеседі. Мысалы, 2016 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің Жаңасу ауылында жалпы ауданы 990 гектар …

Жер иесіз болмас Read More »

Азық-түлік қоры жеткілікті

Азық-түлік бағасы қымбаттаған сайын, әлеуметтік маңызы зор тауар түрлеріне сұраныс артып отыр. Қазір тұрғындар тұрақтандыру қорының өнімдерін іздеп жүріп алады. Бағасы арзан тауар тұрғындар тарапынан сұранысқа ие болғанымен, сауда желілері оларды сөрелеріне қоюға құлықсыз. Бұл туралы өңірдегі бағаны тұрақтандыру жайы талқыланған облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы …

Азық-түлік қоры жеткілікті Read More »

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛҒАН

Тұтынушылардың құқығын қорғау – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сауда-саттық пен ақылы қызмет көрсету барысында тұтынушыны алдау, сапасыз тауар сату немесе сатып алынған заттың кепілдік шартын орындамау, сапасыз тауардың шығынын өтемеу сияқты әрекеттер орын алып жатады. Сауда-саттық немесе қызмет көрсету орындарындағы мәдениет, этика және жауапкершілік – тұтынушының өз құқығын қорғай білуіне де қатысты екені сөзсіз. Бұл …

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛҒАН Read More »

Сарытомардағы сайыс

Мағжан Жұмабаев атындағы ау­данның Сарытомар ауы­лында дәс­түрлі “Мағжан оқулары” байқауының облыстық ке­зе­ңі өтті. Екі күнге со­зылған сайыста облыстың әр ауданы­нан қа­тысқан 42 оқушы бақ сынады. Байқау әдеттегідей үш ата­лым бо­йынша өтіп, жас дарындар ақындық өнерін, орындау­шылық шеберлігін, зерт­теушілік қабілеттерін сынға салды. Алдымен талапкерлер ақын­ның ту­ған жеріндегі мұражайға ба­рып, он­дағы құнды жәдігерлермен танысты. Мағжан Жұмабаевтың қилы …

Сарытомардағы сайыс Read More »

Таңғы шықтай мөп-мөлдір

Түркі халықтарының жарық жұлдызына айналған қазақтың мар­ғас­қа таланты, ұлт қайраткері, тау тұлға­мыз, ақиық ақын Мағжан Жұма­баевтың туғанына 130 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану му­зейі­нің арт-орталығында “Мен жас­тарға сенемін” атты әдеби кеш өтті. Ашық аспан астындағы шара мәде­ниет қайраткері Қайырлы Ғафуров­тың орындауындағы ақынның сөзіне жа­зыл­ған, сазгер Кәкімбек Ердібаев­тың “Мен жастарға сенемін” туынды­сы­мен ашылды. Кейін М.Жұмабаев атында­ғы …

Таңғы шықтай мөп-мөлдір Read More »

Қазақшаға жүйрік

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ұлан академиясында өзге этнос өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл – менің ті­лім” атты сайыстың екінші ке­зе­ңі өтті. Ондағы мақсат – мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, тіл тазалығын сақтау, сөйлеуге үйрету. Болашақ офицерлердің бойында мемлекеттік тілге деген құрметті ұя­лата отырып, олардың Отанға деген сүйіспен­шілігін, ұлттық салт-дәстүрлерге де­ген қызығушылықты ояту. Сайыс үш айналымнан тұрды. Бірінші айналымда …

Қазақшаға жүйрік Read More »

“Ұяда не көрсең…”

Өңір полицейлерінің жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жобалары осылай аталды. Ол об­лыстық білім басқармасы мамандарымен бірлесіп жүзеге асы­рылуда. Жоба аясында үздік оқушылар мен студенттерді тәрбиелеп отырған отбасылар марапатталды. 17 жастағы Ержан Молдаш – 22 медальдің, көптеген гра­моталар мен дипломдардың иегері, оқу озаты. Тәртіп сақшы­лары Ер­жанның үйіне барып, ата-анасына Ал­ғыс хат табыс етті. “Біздің үш …

“Ұяда не көрсең…” Read More »

Туыстарымен жүздесті

Қылмыстық атқару жү­йесі облыстық департамен­тінің №50 түзету мекемесін­де 1 маусым – Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау күніне орай “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жа­тыр. Іс-шараға 40 сотталғанның 120-ға жуық туысы келді. Оларға түзету орнына экскурсия ұйымдастырылып, сотталғандар­ды ұстау шарттары танысты­рылды. Түзету мекемесінде балалар­ға арналып алтыбақан қойылып, аквагримі бар аймақ …

Туыстарымен жүздесті Read More »

АРТЫНА ҰЛАҒАТТЫ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

№2 Благовещенка орта мекте­бін­де Суат­көл, Есперлі, Қарағаш, Үлгі, Ай­­туар, Богдановка (Толыбай) ауыл­да­рының балаларымен бірге оқы­дым. Әңгіме арасын­да олар жерлес­тері Шағырай ше­шен, Жақия Уақ­паев жайлы жарыса, бір жағынан мақ­таныш сезіммен, айтып қалатын. Кейін облысымызға танымал журна­лист Жақия Уақпаев­тың Есперлі елді мекенінің тумасы екенін білдім. 1937 жылдардағы жеке басқа та­бынушылықтан қыр­шы­нынан қиыл­са да, өңір жылнама­сына атын өш­пес­тей …

АРТЫНА ҰЛАҒАТТЫ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН Read More »

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕПРЕССИЯ

Тарихымызда орын алған 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардағы саяси репрессиялардың себептерін осы жылдары елде орнаған тоталитарлық жүйеден іздеуіміз керек. Жасалған қуғын-сүргін, репрессиялар бір ғана мақсатты көздегенін – партияның, оның көсемі И.Сталиннің шексіз билігін нығайту үшін жасалғанын қазіргі кезеңде анық біліп отырмыз. Қазақстанда орын алған репрессия саясаты сол кездегі Казкрайкомның хатшысы болған Ф.Голощекин есімімен тығыз …

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕПРЕССИЯ Read More »

АЙЫРТАУ — АСЫЛ АЙМАҚ АРҚАДАҒЫ

Қызылжар өңірінің жауһары атан­ған, туризм саласын дамыту мем­лекеттік бағдарламасының әлеуеті жоғары ондығына кір­ген Имантау-Шалқар курорттық ау­ма­ғы демалушыларды қарсы алуға әзір. Бауыры жасыл қарағаймен қым­талып, айналасы аққайыңдармен көмкерілген айдын көлдер маңында 42 туризм нысаны бар. Танымдық де­малысты таңдайтындар тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады. Имантау-Шалқар аймағы Айыр­тау ауданында орналасқан. Бұл жер­дің 60 пайызын орманды алқап алып …

АЙЫРТАУ — АСЫЛ АЙМАҚ АРҚАДАҒЫ Read More »