«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақшаға жүйрік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ұлан академиясында өзге этнос өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл – менің ті­лім” атты сайыстың екінші ке­зе­ңі өтті.

Ондағы мақсат – мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, тіл тазалығын сақтау, сөйлеуге үйрету. Болашақ офицерлердің бойында мемлекеттік тілге деген құрметті ұя­лата отырып, олардың Отанға деген сүйіспен­шілігін, ұлттық салт-дәстүрлерге де­ген қызығушылықты ояту.

Сайыс үш айналымнан тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар өз­дерін таныстырса, келесіде сөз мәйе­гі – мақал-мәтелді қаншалықты білетіндерін сынға салды. Соңғы – “Көркем сөз” айналымында еліміз­дің ақын-жазушыларының туындыла­ры­­­нан үзінді оқып, тіл шеберлігін та­нытып, өз білімдері мен білікті­лік­терін ортаға салды.

“Тұлпар шаппай бәйге алмас”, – де­гендей, сайыстың оза шапқан же­ңімпаздары айқындалды. Бірінші орынды өзгелерден білімі мен өнері арқылы оз­ған бөлімше командирі, сержант Даниил Хакаю иеленді. Екінші орын­ға взводтың кіші сер­жанты Кирилл Родионов лайық деп танылды. Үшін­ші орын курсант Аюб­жан Лолаевқа бұйырды.

“Тіліміз басқа болса да, тілегіміз бір, түріміз басқа болса да, жүрегіміз бір” деп жырлаған дарқан еліміздің бір­лігі – тілі ортақ адамдардың кө­бейе түсуімен де нығаяды. Ендеше, мемлекеттік тілді білуге талпынған өзге этнос өкілдерінің ынтасы құп­тарлық.

Олжас Әділбек,

Ұлттық ұлан академиясының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp