«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Ұяда не көрсең…”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлерінің жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жобалары осылай аталды. Ол об­лыстық білім басқармасы мамандарымен бірлесіп жүзеге асы­рылуда. Жоба аясында үздік оқушылар мен студенттерді тәрбиелеп отырған отбасылар марапатталды.

17 жастағы Ержан Молдаш – 22 медальдің, көптеген гра­моталар мен дипломдардың иегері, оқу озаты. Тәртіп сақшы­лары Ер­жанның үйіне барып, ата-анасына Ал­ғыс хат табыс етті.

“Біздің үш ұлымыз бар. Олар­дың спортпен шұғылдану­лары үшін бар жағдайды жасап бағу­да­мыз. Жасынан спортты серік ет­кен бала жаман қылықтар мен әдеттерден ада болады, денсау­лықтың бірінші байлық екенін түсінеді”, – дейді жас спортшы­ның анасы Айнагүл Бағ­рамова.

Облыстық полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Иван Терзи­ди жақсы мінез баланың бойына отбасын­да сіңірілетінін айтты. Әке мен шешенің өнеге­сіне қаныққан бала өс­кенде теріс қылықтарға бой алдырмайды, адал еңбек етіп, түзу жол­дан таймайды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp