«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 1, 2023

“Жас ағады жылдардың жанарынан…”

Облыс орталығындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың алдында еске алу шарасы өтіп, жиналғандар ескерткішке гүлшоқтарын қойды. Шараға облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысып, тар заманда жазықсыз құрбан болғандардың рухына тағзым етті. “Бұл күні еліміздің қасіретті кезеңінде жазықсыз жапа шеккендерге тағзым ету – әр адамның парызы. Бүгінгі ұрпақтың басты мұраты – барлық құрбан болғандардың жеке тарихын зерттеп, …

“Жас ағады жылдардың жанарынан…” Read More »

Тарихтан тағылым — өткенге тағзым

Егемендік алғалы тарихтың бұрын бүркемеленіп келе жатқан кезеңдері зерттеліп, шаң басқан архив деректері ғылыми айналымға түсті. Тәуелсіз республикалардың тарихшылары өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған оқиғалардың әділ бағасын беру мәселесін көтере бастады. Сол жылдары жазықсыз құрбан болғандарды ақтау ісі қарқын алды. Қатаң режімнен орасан зор зардап шеккен қазақ халқы да қасіретті жылдардың зобалаңын жадынан шығарған …

Тарихтан тағылым — өткенге тағзым Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҰЛЫ

Жерлесіміз Смағұл Сәдуақасовтай асыл тұлға қалай ұлықталса да жарасады. Бар-жоғы 33 жасында жасындай жарқ етіп, қамшының сабындай қып-қысқа ғұмырын қазақ халқының тәуелсіз, дербес мемлекетте емін-еркін өмір сүруіне арнады. Қоғам, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтеріліп, 1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы қазақ жастар ұйымының хатшысы болып сайланды. Алаш өкіметінің, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, Халық ағарту комиссары …

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҰЛЫ Read More »