ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДЫ
Ақжар ауданының тұрғындары мені сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихатқа депутат етіп сайлағаннан кейін өзіме жүктелген сенім үдесінен көрінуді басты мақсат етіп отырмын. Бұл шақырылымға дейін бес жыл халық қалаулысы болған азды-көпті тәжірибеме сүйене отырып, берілген аманатқа қиянат жасамауды абыройлы борыш санаймын. Иә, ауылдықтарды толғандыратын мәселелер әлі де аз емес. Толғақты проблемаларды тұрғындармен кездесу, көшпелі мәжілістер өткізу …