Soltüstık Казахстан
Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Футболдан ел біріншілігінің 12-ші турында “Қызылжар” клубы Қостанайда “Тобыл” командасына қарсы ойын өткізді.
Бұл кездесуге дейін қызылжарлықтар турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан. Қостанайлықтар болса, жетінші сатыға жайғасқан еді. Матчтың бірінші бөлігі алма-кезек шабуылдармен өтті, бірақ есеп ашылған жоқ.
Екінші тайм да теке-тіреске толы болды. Алғашқы гол тек 75-ші минутта соғылды. Нәтижелі соққының авторы – “Тобылдың” котдивуарлық шабуылшы Серж Дебле. Бұл нәтиже төрешінің соңғы ысқырығына дейін өзгеріссіз қалды.
Бұл жеңістен кейін “Қызылжар” клубы төртінші сатыға түсті. Ал қостанайлықтар алтыншы орынға көтерілді. “Астана” командасы көш бастап келеді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.