«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілі­гінің 12-ші турында “Қызыл­жар” клубы Қоста­найда “Тобыл” командасына қарсы ойын өткізді.

Бұл кездесуге дейін қы­зыл­жарлықтар турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан. Қоста­найлық­тар болса, жетінші сатыға жай­ғасқан еді. Матчтың бірінші бөлігі ал­ма-кезек шабуылдармен өтті, бі­рақ есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм да теке-тіреске толы болды. Алғашқы гол тек 75-ші ми­нутта соғылды. Нәтижелі соққы­ның авторы – “Тобылдың” котдивуар­лық шабуылшы Серж Дебле. Бұл нәтиже төрешінің соңғы ысқырығына дейін өзгеріссіз қалды.

Бұл жеңістен кейін “Қызылжар” клубы төртінші сатыға түсті. Ал қос­танайлықтар алтыншы орынға кө­терілді. “Астана” командасы көш бас­тап келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.