«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздік қашан да маңызды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин облысқа келген жұмыс сапары барысында өңір басшысы Айдарбек Сапаровпен кездесіп, азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ ведомство жетекшісі Пестрое көлі жанында салынып жатқан өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелерін, техникаларын, соның ішінде жүзу құралдары кешенін аралады. Материалдық-техникалық жарақтандырылумен, құтқарушылардың тиімді жұмысы және тұрмыстық жағдайларымен танысып, шешімін табуы тиіс мәселелерге назар аударды. Құрылыс жоспарына сәйкес кешен құрамына құтқару техникалары тұратын бокстар, жүзу құралдарына арналған элинг (ангар), оқу сыныптары, қойма, қазандық, асхана, екі әкімшілік ғимарат кіреді. Кешеннің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды.

Юрий Ильин “Береке” шағынауданындағы өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс аумағында болды.

Маңызды нысанда 4 өрт сөндіру автокөлігіне арналған бокс, өртсөн­дірушілердің жұмысы мен демалы­сы үшін қажетті үй-жайлар бар. Жоба жүзеге асырылса, қаланың 27000-нан астам тұрғы­ны бар оңтүстік-шығыс бөлігін айтып келмейтін түрлі апаттардан қорғауға мүмкіндік бе­реді.

Тұрғындармен жүздескен еліміздің бас құтқарушысы Қызыл­жар өңірінде ахуалдың тұрақты еке­нін, өткен жылға қарағанда төтенше жағдайлар – 20, дала өрті 40 пайызға азайғанын жеткізді. Кездесу барысында азаматтық қорғаныс қызметі маманының біліктілігін арттыру мәселесі көтерілді. Мамандардың жер­гілікті жерде, ал басқарушы құ­рамның Алматыдағы оқыту орта­лығында білімін жетілдіру мүмкіндігі қарастырылғаны айтылды. Жұрт­шы­лық көпқабатты үйлер маңында қойылған шлагбаум қондырғылары кедергі жасайтынын айтты. Министр бұл мәселе еліміз бойынша өзекті екеніне тоқталды. Шлагбаум тиісті ережеге сай ПИК пен мүлік иелері бірлестігі төрағаларының келісі­мі­мен орнатылуы тиіс. Тұрғындарды қалада бей-берекет өскен қамыс та алаңдатып отыр. Себебі жуырда болған өрттен жүректері шай­лығып қалған.

– Облысқа жақын арада ұзын­дығы 50 метр болатын 3 көтергіш саты әкелінеді. Оларға қуаттылығы жоғары насостар орнатылады, бұл 18-25 қабатты тұрғын үйлердің қауіп­сіздігі үшін аса маңызды, – деді Юрий Ильин.

Ведомство басшысы өрт сөндіру депосының қарамағына орта мектептер, ба­лабақшалар, салынып жатқан ем­хана, ондаған кәсіпорындары бар өнеркәсіптік аймақ, жақын және алыс шетел көліктерінің үлкен транзитін өткізетін республикалық және жергілікті маңызы бар авто­жолдар сияқты маңызды нысандар кіретінін атап өтті.

– Жобаларды іске асыру халық­тың өмір сүру сапасына, экономиканың бар­лық салаларының дамуына айтар­лықтай оң әсер етеді. Төтенше жағ­дайлардың туындау қаупін азай­та­ды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да ықпалы зор, – деді Юрий Ильин.

Министр облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің жеке құра­мымен кездесті. Жиында саланың өзекті проб­лемалары талқыланды.

Евгеннй ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp