«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ШЫРАЙЫ АРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Ресеймен шекарада орналасқан шалғай елді мекендердің бірі – Уәлиханов ауданына қарасты Бидайық ауылдық округінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Биыл Бидайықта көптеген жұмыстар атқарылмақ. Ауыл көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Бұл мақсатқа 389 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ су тарату желілері тартылып, мектеп қалпына келтіріледі, тротуарлар салынады.

Өңір басшысы орта мектеп ғимаратына барып, робототехника кабинетінің жайымен танысты. Мұнда 120 бала оқиды. Білім ошағын жөндеуге 98,5 млн. теңге жұмсалған. Информатика пәнінің мұғалімі Дулат Әубәкіров оқушылар құрастырған модельдерді көрсетті.

Мемлекет басшысы елімізде бі­лім беру саласына ерекше басымдық беріп отырғанын айтқан Айдарбек Сейпілұлы мектептерде робототехника кабинеттерін ашудың, сұранысқа ие жоғары білімді, білікті инженер кадрларды даярлаудың маңызын атап өтті. Оқушыларға оқу­да табыс тіледі.

Мектеп директоры Раиса Қарым­жанованың айтуынша, қыс мезгілін­де ғимараттың оң қанаты суық, сыртқы қабырғаларды қап­тау қажет. Ғимараттың бұл бөлігі 1956 жылы тұрғызылыпты. Ұзақ уа­қыт бойы бос тұрып, кейін күрделі жөндеу жүргізілген. Бірақ сыртқы қабырға­лары қапталмаған. Бұл жерде бас­тауыш сыныптар оқиды, кітапхана, мұражай, мектеп асханасы орналас­қан. Облыс әкімі білім басқармасы­ның басшысы Назір Жәшібековке мә­селені зерделеуді тапсырды.

Демалыс орталығының тозығы жеткен ғимаратына 2016 жылы жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген. Мұнда вокал, би, шах­мат, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді. Осы жерде ауыл тұрғын­да­рымен кездесу өтті. Мемлекет бас­шысының ауылдық аумақтарды, бі­рін­ші кезекте шекара маңындағы елді мекендер тұрғындарының өмір сүруіне барынша қолайлы жағ­дай туғызуға арналған бағдарла­малық құжаттар әңгіме өзегіне ай­налды.

Округ әкімі Торғын Күйішбаева ат­қарылған іс-шаралар туралы баян­дап, алдағы жоспарларды ортаға сал­ды. Биыл кентішілік жолдарды жөн­деуден бөлек, республикалық бюд­жеттен бөлінген қаржы есебінен су қой­малары орнатылады, тіршілік кө­зін таратар құбыр желілері тарты­лады.

Аудан бойынша жүзеге асыры­лып жатқан жобалар жөнінде аудан әкімі Қайрат Пішенбаев баяндап бер­ді. 6 миллиард теңгеге сәулетті емхана тұрғызылып, келесі жылы пай­далануға берілмек. Сонымен қа­тар орталық алаң, саябақ қайта жа­ңартылады, бассейн салынады.

Өңір басшысы мердігер ұйым­дар атқарып жатқан жұмыстың сапасын бақылауға тұрғындарды тартуды тапсырды. Көп нәрсе адам­дардың белсенді ұстанымына бай­ланысты екенін еске салды.

Кездесуде облыстық құрылым бас­шыларының есептері тыңдалды. Сындарлы диалог барысында округ тұрғындары өздерін толғантқан проблемаларды қозғады. Жол сапасы сын көтермейді. Әсіресе Кішкенекөл ауылынан кеден бекетіне дейінгі республи­ка­лық жолдың бір бөлігін жөндеу керек. Бұл бағытқа облыстық қазынадан 2,1 млрд. теңге қарастырылған. Ауыл тұрғыны Еркебай Жапаровтың айтуынша, Ресей Фе­дерациясының аумағына қиыршықтас таситын қырық тонналық тірке­мелі көліктер жолдың әбден сиқын кетірген. Оларға нақты шара қолданбай болмайды. “Қазавтожол” АҚ жер­гілікті филиалының басшысы Қуа­ныш Ескендіров Кішкенекөл – Тал­шық аралығындағы жолды жөндеу басталғанын айтты. Өндіріс – Мыр­зағұл бағытының 35 шақырымына қиыршықтас төселеді. 290 млн. тең­геге құрылыс материалдары алын­ған.

– Барлық бағыттар бойынша республикалық жолдар жөнделеді. Ауқымды бағдарламаны келер жыл­дың бюджет қарауына енгізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды рә­сімдеуді қазан айына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Айдарбек Сей­пілұлы.

Кездесуге қатысып отырған ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыла­рын ортақ істен тыс қалмауға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға белсене қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылаған об­лыс әкімі кез келген іс уақытты, ин­вестицияны, қатаң қада­ға­лауды қажет ететінін айта келіп, ішкі көші-қонның теріс сальдосы, мек­тептердегі оқушылар санын стандарт­тарға сәйкестендіру, шағын және орта бизнесті дамыту, инвес­торлар тарту мәселелерін шешуді міндеттеді. Мемлекет өз тарапынан ауылдық жерлердің тұрғындарына қолдау көрсетуді одан әрі жал­ғастырады. Өңір бойынша барлық ау­дандар қамтылған даму жоспары құрылған. Талшық пен Кішкенекөлді жалғайтын 31 шақы­рым жолды қалпына келтіруге 19 млрд. теңге қарастырылған. Учаске­де 30-ға жуық маман мен 18-дей техника жүр. Сонымен қатар су құ­быры мен шағын көпір салынады.

* * *

Өңір басшысы Ақжар ауданына жасаған жұмыс сапары барысында әлеуметтік сала, бизнес, мал шаруашы­лығы нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

“Эрсалды” фермерлік қожалығы­на соғып, осында диқандармен әңгі­мелесті. Өз сөзінде тұрғындарға қамқорлық көрсету, мал азы­ғын қолжетімді бағамен сату басты назарда болу керектігін ескертті.

“Эрсалды” ФҚ директоры Әскер Қабдырахманов қожалықтың 2020 жылы құрылғанын, 4379 гектар ауыл шаруашылығы жері барын, 1340 бас қазақтың ақ бас сиыры, 529 бас жыл­қы, 628 бас қой өсірілетінін, 10 адам­ды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын, орташа айлық жалақы 210 мың теңгеден айналатынын айтты.

Восход ауылдық округі тұрғында­рымен кездесу Мәдениет үйінде өтті. Бұл нысан 1985 жылы са­лынған. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы ая­сында 79,559 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. Шатыры, терезе­лері, сыртқы есіктері, электр желілері, жылыту жүйесі ауыстырылған, мо­дульдік қазандық қойылған. Мұнда ауылдық округтің әкімдігі, кітапхана, пош­та пункті орналасқан.

Округ әкімі Расул Қабдырах­ма­нов өз баяндамасында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді сөз етті. Оңтүстік өңірлерден көшіп келген отбасыларға барлық жағдай жасалған.

Өз кезегінде Айдарбек Сейпіл­ұлы тұрғындар мен оқушылар саны­ның азаюын болдырмаудың нақты шараларын қабылдауды міндеттеді. Бұл мәселе жергілікті шаруаларды да бейжай қалдырмауы ке­рек. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жоғары жалақы тө­леудің мүмкіндіктері аз емес. Тиісті ведомство жетекшілеріне Мәдениет үйінің салтанат залын мектеп пен екі көшені жөндеуге қаржы қарастыруды жүктеді. Келесі жылы Восход ауылын­да жаңа медициналық ғимарат бой көтермек. Кездесуде Казгородок – Горьковское жолын қалпына келтіру, Ресеймен арада жеңілдетілген өткізу бекетін ашу мә­селелері бойынша көтерілген сауалдарға жауап берілді. Жиыннан кейін өңір басшысы азаматтарды қабылдады.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Анель” ЖК шағын маркетінде тауар­лардың ассортиментіне, қолжетімді­лігіне, нысанның эстетикалық безен­дірілуіне назар аударды. Шағын мар­кеттің иесі Гүлдана Қабдырахманова 2020 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқанын, 4 адам еңбек ететінін айтты.

Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында “Данияров” ЖШС-ның нау­бай­ханасын, кондитер цехын аралап көрді. Наубайхана өз өнімдерімен көр­ші ауылдарды да қамтамасыз ете­ді. Мұнда нан және нан-тоқаш өнімдерінің ондаған түрі әзірле­не­ді, олар сұранысқа ие. Кү­ніне 250 бөлке нан сатылады, бағасы жүз теңге. Дәмі тіл үйіретін өнімдерді Дарихан Құрбанова пісіреді. Алматы облысынан қоныс аударған ол 1,385 млн. теңгенің қайтарымсыз грантын алып, наубайхананың бір бөлігінде өз ісін дөңгелетіп отыр.

Бибінұр ТОПАНБАЕВА,

Болат ӘМІРИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp