«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтық азаяр емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алаяқтардан айла артылған ба?! Қулар халықты қармаққа түсіру үшін түрлі тәсілдер ойлап табады. Полиция қызметкері ретінде теле­фон шалып, жақыныңыз заң бұзды деген жалған ақпаратқа сендіріп, жазадан құтқару үшін ақша талап етеді екен. Осындай жайттардың құрбаны болмау үшін криминалдық полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар қала көшелері мен №1 емханада жа­дынама таратты.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету жөніндегі ведомство­аралық топпен бірлесіп, облыс ор­талығының тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың схемалары, жаңа түрлері туралы ескерту және түсіндіру бо­йынша профилактикалық іс-шаралар өткіздік. Бұл іс-шараның мақса­ты – киберқылмыс фактілерін азай­ту, – дейді облыстық полиция де­партаменті криминалдық поли­ция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құмарбек Жоламан.

Жыл басынан бері облыста 295 интернет-алаяқтық тіркелген.

Ақжүніс МҰҚАТАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp