«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түнде терезеден түскен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық тәртіп сақшыла­рына қаладағы дәмханалардың бі­рін­де жасалған ұрлықты ашу үшін бір апта қажет болды. Түнде белгісіз қылмыскер терезені сын­дырып, ішке енген. Ол 37 мың теңгені, dvd-плеерді, алкогольдік ішімдіктер мен басқа да тауарларды қолды қылған. Шығын со­масы 100 мың теңгеге бағаланған.

Дәмхана иелері полицияға тек та­ңертең хабарласқан. Сауда орнын­да бейнебақылау жүйесі мүлдем болмапты. Дегенмен Петропавл қа­лалық бірінші полиция бөлімінің кри­миналистері мен жедел уәкілдері кү­діктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартыл­ған Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Бейнебақы­лау инспекторлары мен барлық сырт­қы қызметтер оны іздеу және ұстау шараларын жүргізді. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайының бол­мауы қиындық тудырған. Алайда кри­миналдық полиция қызметкерлері оны облыс орталығындағы Мағжан Жұма­баев көшесінде қолға түсірді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp