«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адам ресурстарын дамыту орталығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Мемлекеттік басқа­ру академиясы облыстық филиалын­да мемлекеттік қызметте адам ре­сурстарын дамыту орталығы ашыл­ды. Орталықтың “online” режімде өт­кен ашылуына 200 мемлекеттік қыз­метші қатысты.

Аталған орталық 2023-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік қызмет­тің имиджін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру ая­сында ашылды.

Мемлекеттік қызмет істері агент­ті­гі облыстық департаментінің бас­шы­сы Елена Степаненконың айтуын­ша, орталық мемлекеттік органдар, персоналды басқару қызметтері және Әдеп жөніндегі уәкілдер үшін диалог алаңы болып табылады. Орталық мемлекеттік органдардың персонал­ды басқару қызметінің бірыңғай әдіс­намасын жүргізу мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда персоналды басқа­ру қызметтері маңызды жұмыс атқарады. Сондықтан осы орталық арқы­лы персоналды басқару қызметінің ма­мандары заңнамадағы өзгерістерді бі­леді, кадрларды іріктеу, мемлекеттік қызметті өткеру, тәртіптік практика және басқа да мәселелер бойынша әдістемелік көмек алатын болады. Елена Степаненко­ жиналғандарға мемлекеттік қызмет саласын­дағы заңнаманың соңғы новеллалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Лаура Қайыржанова адам ресурста­рын басқарудың практикалық тұжы­рымдамалары туралы баяндады. Ал филиалдың аға оқытушысы, эконо­мика ғылымдарының докторы Анатолий Баш­маков жиналғандардың назарын “Мери­тократия – кадр жұмысындағы құқықтық қағидат және адамгершілік негіз” тақырыбына аударды.

7152.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы, еліміздің құрметті журна­лисі Зәуре Жұмалиева бұқаралық ақ­парат құралдарымен жұмыс істеген кезде жиі кездесетін кемшіліктер ту­ралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар арасын­дағы әңгіме еркін форматта өтті. Кадр қызметі мамандары икемді жұмыс кестесіне, мемлекеттік қызметшілер­дің қызметін бағалауға қатысты сұ­рақтарын қойды. Алдағы уақытта осындай диалогтық кездесулерді тоқ­сан сайын мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталы­ғында өткізу жоспарланған.

Нұрай ЕСІЛБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp