Алаяқтардан айла артылған ба?! Қулар халықты қармаққа түсіру үшін түрлі тәсілдер ойлап табады. Полиция қызметкері ретінде телефон шалып, жақыныңыз заң бұзды деген жалған ақпаратқа сендіріп, жазадан құтқару үшін ақша талап етеді екен. Осындай жайттардың құрбаны болмау үшін криминалдық полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар қала көшелері мен №1 емханада жадынама таратты.
– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топпен бірлесіп, облыс орталығының тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың схемалары, жаңа түрлері туралы ескерту және түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар өткіздік. Бұл іс-шараның мақсаты – киберқылмыс фактілерін азайту, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құмарбек Жоламан.
Жыл басынан бері облыста 295 интернет-алаяқтық тіркелген.
Ақжүніс МҰҚАТАЙ.