Мәңгілік сағынышым
Хабибулла ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ, зейнеткер. Әкеден ерте айырылып, жетімдіктің тауқыметін көргендердің бірімін. Әлі күнге дейін сағынған кезде бейнесін көз алдыма елестеткім келеді. Төрт жасар баланың есінде не қалды дейсіз?! Суреті жоқ, бет-пішіні қандай болғанын да білмеймін. Көзі көргендердің айтқан әңгімесінен, берген мінездемесінен сұлбасын сомдап алдым. “Әкеңді білемін” деген адамды кезіктірсем, жақынымдай көретінмін. Қазір әкемнің көзін көргендер де …