«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАШТЫҢ АЛДАСПАНЫ

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Қызылжарда ұлт мақтаны­шы, түркі халықтарына ортақ ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық ме­рейтойы басталып кетті. Ақын дүние есігін ашқан Мағжан Жұмабаев ауданында және Пет­ропавл қаласында бірқатар ауқымды шаралар өткізіледі.

Атап айтқанда Жамбыл көше­сін­дегі арт-орталықта 22 маусым күні “Ұлы Мағжан” көрмесі жұмыс істейді. Дәл осы жерде “Мағжан” поэти­калық кеші өтіп, “Мен жастарға сенемін” туындысының көрсетілімі болады.

23 маусым күні 9:00 де мерейтойдың құрметті қонақтарының қатысуымен Мағжан Жұмабаев көшесінің бойындағы ескерткішке гүл шоқта­рын қою рә­сімі өтеді. Одан әрі мерейтой Оқушылар сарайында өтетін “Мағжан Жұма­бай – Тұран өркениеті мен Алаш идеясының ұлы жыршы­сы” атты халықаралық конферен­цияда жалға­сын таппақ. Аталған конференцияға Түрксой жазушылар одағы­ның өкілдері, елімізге белгілі ақын-жазушылар, мағжантанушылар, шетел­дік ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Сағат 14:30-да Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма теат­рында “Тұранның тұғырлы тұлғасы” атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Сөз сайысына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан айтыскерлер қатысады.

Ақынның туған жері – Сарыто­мар ауылында 24 маусым күні ме­рекелік іс-шаралар ұйымдастыры­лады. Он­да келушілерге арнап қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді. “Елін сүйген ер Мағжан” атты театрланды­рыл­ған көрініс пен кон­церттік бағдар­лама да көптің көңі­лінен шығары анық. Сонымен қатар Сарытомарда ат спорты түрлерінен жарыстар, аламан бәйге өтіп, балуандар қазақ күресінен кіл мықтыны анықтайды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp