«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Алуаның” тартуы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыс­тық қазақ сазды-драма театрының “Алуа” халық би ансамблі есеп беру концертін өткізді. Өрендер мың бұрала би билеп, өз өнерлерін жиналған қауымға паш етті.

– Би ансамблінің репертуарында заманауи, халықтық және балалар билері бар. Бұл ұжымның құрылғанына биыл 13 жыл толды. Бишілерді 4 жас­тан бастап даярлаймыз. Талантты жастар биден бөлек актерлік шебер­лік және кескіндемемен де айналы­сады, – дейді ансамбль жетекшісі Жан­на Хамитқызы.

“Алуа” халық би ансамблі осы уа­қытқа дейін түрлі байқауларға қаты­сып, көрерменнің көзайымына айнал­ды. 2012 жылы Алматы қаласында өт­кен республи­калық “Ақ көгершін”, 2013 жылы Астана қаласында ұйым­дастырылған халықаралық бай­қау­дың лауреаты. 2018 жылы елорда төрінде өткен “Бала шабыты” атты халықаралық байқауда бас жүлдені қан­жығаларына байлады. Кеште ансамбльдің мың бұралған бишілері көрермендерді қазақ, татар, өзбек, неміс, тә­жік ұлттарының және “Паутина”, “Хулиганить”, “Баттл”, тағы да басқа көптеген билерімен қуантты. Өнерпаздардың “Бауырсақ” және “Кошкин дом” атты ертегі қойылымдары жиналғандардың көңілінен шықты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp