«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауызсу тартылып, жол жөнделуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаттары Сәуле Сұрағанова, Ольга Клишина, Ербақыт Амантайұлы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның әлеуметтік мәселеле­рімен танысқан халық қалаулылары тұрғындарды толған­дырып жүрген жайттардың қалай шешіліп жатқанын сұрап білді.

Өңірде сапалы ауызсуға зәру елді мекендер баршылық. Айыртау ауылының тұрғындары да тіршілік көзін тойына іше алмаған кездерін ұмыта қойған жоқ. Әсіресе елді мекеннің өрісі кеңейіп, түтін саны көбейген кезде суға сұраныс артып, оның со­ңы әуре-сарсаңға ұласқан еді. Қазір бұл мәселенің түйіні тарқатылып, тиісті жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Мәселен, былтыр ауыл ішінде су тарату желілері тар­тылды. Биыл су жинайтын резервуар са­лынып жатыр. Халық қалаулы­лары құрылыс саласына баса назар аударды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, жолаушы­лар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанат Байсеуов тұрғындарды ауызсумен қамту бо­йынша атқары­лып жатқан жұмыс­тар­ды баяндады.

Бұл ауданға тән тағы бір өзекті мәселе – жол. Бұл да депутаттардың назарынан тыс қалмады. Саумалкөл ауылындағы негізгі жолдардың бірі – М.Янко көшесі жөнделіп, жарықтан­дырылған. Ұзындығы 3,7 шақырым көшенің жөнделуін сол маңдағы тұрғындар көптен күткен еді. Қазір тақтайдай тегіс, түнде шамы жарқы­раған көше бойындағы үйлер тұр­ғындарының да көңілі көтеріңкі.

Әйгерім ОМАРОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp