«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сатып алудағы салғырттық

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Жыл басынан бері облыстық прокуратура мамандары мемле­кеттік сатып алуларға тексерістер жүргізіп келеді. Осы тексерістердің нәтижесінде мамандар бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Осы­лайша биылғы жылы жалпы сомасы 2,3 млрд. теңге болатын 8 мемле­кеттік сатып алудың күші жойылды.

Аталған құқық бұзушылықтар облыс орталығы мен аудандарда орын алуда. Ондағы лауазымды адамдар үй салу, жол жөндеу сияқ­ты жобаларды тиісті құжаттарсыз жүзеге асырмақ болған. Мысалы, об­­лыстық әкімдік жанындағы мем­лекеттік сатып алу басқармасы Пет­ропавл қаласында жер учаскесіне рұқсат құжаттарынсыз 2,5 мил­лиард теңге сомасында көппәтерлі үй салу бойынша конкурс өткізген. Ақжар ауда­нында 300 миллион теңге сомасына автомобиль жолда­рын орташа жөн­деу бойынша мемлекеттік сатып алу қажетті ведомстволық сарап­та­масыз жүр­гізілген. Прокурорлық қа­да­ғалау негізінде бұл конкурс­тар­дың күші жойылды. Ал сатып алуда олқылық­тарға жол берген­дерге шара қабылданды. 8 лауазымды маман әкім­шілік, 4-еуі тәр­тіптік жа­уап­кершілік арқалады. Оларға са­лын­ған айыппұл толық өтелді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp